ТҮРКІСТАН: Сарыағашта Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтті

Биыл біртуар тұлғаның 151 жылдығы елімізде кең көлемде тойлануда. Сарыағаш ауданыда «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын біріктіретін тіл» атты мерекелік шара өтті. Сарыағаш ауданыда алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 151 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын біріктіретін тіл» атты мерекелік шара өтті. Аталмыш шара барысында аудандағы қызмет атқаратын этномәдени бірлестіктердің тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін айшықтайтын арнайы көрме жасақталып, көпшілікке ұсынылды. Мерекелік шара барысында ауданымыздың өнерпаздары жас таланттармен бірге ән мен күйден шашу шашып, жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, әрбір этнос өкілінің мемлекеттік тілді білуге деген ұмтылысын арттыру, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 151 жылдығы аясында оның еңбектерін дәріптеу, кеңінен насихаттау. Айта кетсек, бұл мереке алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күнімен байланысты. Биыл біртуар тұлғаның 151 жылдығы елімізде кең көлемде тойлануда. Сарыағаш ауданында да Ұлт ұстазының мерейтойына қатысты 100-ден астам шаралар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар шара барысында ауданның тіл жанашырлары және сала қызметкерлері арнайы Алғыс хатпен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Осыдан 151 жыл бұрын Алаш руханиятының темірқазығы Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келгенХІХ-ХХ ғасырда қазақ халқы үшін қандай ауыр болғанын түсіну үшін Байтұрсын әулетінің арғы-бергі тарихына көз салса жетіп жатыр.

Әкесі мен ағаларының нақақ қудалануы жүрегіне шоқ боп түскен алаш арысы 1937 жылы атылғанға дейін ұлт ұпайын түгендеп өтті.Бұған оның бүгінге цензура мен плагиаттан әупіріммен аман жеткен ғылыми еңбектері мен әлі күнге дейін табылмай келе жатқан құнды дүниелерінің даңқ-дақпырты дәлел.

Ол қазақ публицистикасы мен ғылыми тілін жасанды, қасаң сипаттан арылтып, халық тіліне жақындату үшін төл терминологияның негізін қалады.

Ақын, лингвист, әдебиетші, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, араб графикасының негізінде қазақтың төл әліпбиін түзіп, төте жазудың көмегімен «Қазақ» газетін ұйымдастырды, ұлттық журналистиканы дамытты.

Алашорда үкіметінің белді мүшесі болған. 2017 жылы Үкімет қаулысымен Қазақстан халқы тілдерінің күні 22 қыркүйектен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне ауыстырылды.

Былтыр ғұламаның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілді.

Ғалымның ғылыми еңбектері мен шығармаларын қамитын академиялық басылымын баспаға әзірлеген топқа жетекшілік еткен ғалым Айгүл Ісмақованың пайымынша, қазақ тілінің латын әліпбиі Ахмет Байтұрсынұлының теориясы бойынша түзілуі керек.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *