«АУЫЛ МЕКТЕБІН САПАЛЫ БАСҚАРУ» ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы, Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» директоры Бақытжан Төлімбет Нұрмағанбетұлы және облыстық білім басқармасының өкілдері бүгін Сауран ауданы Ы.Алтынсарин ШЖЖОМ базасында Облыстық білім беруді дамыту орталығының жүргізіп отырған «Ауыл мектебін сапалы басқару» пилотты жобасының барысымен танысты.

Мақсат — эксперименттің негізгі идеясын, тұжырымдамасын, жоспарланған жұмыстардың нәтижесін талқылау.
«Алдағы уақытта пилотты жобаға теориялық сүйемелдеуге Ұлттық білім академиясы тарапынан көмек берілмек. Ы.Алтынсарин мектебінде мұғалімдердің 3 сыныпта математика, 4 сыныпта қазақ тілі сабақтарына кірдім. Жобаның ерекшелігі бастауыш сыныптарда бір пәнге бір мұғалімнің сабақ беруінде»,- деді М.Мелдебекова.

Жаңа оқу жылының басында ұйымдастырылған сабақта бастауыш сынып педагогтерінің әр пәнді жүйелі жоспарлап, оқу үдерісіне тың идеяларды енгізіп сондай ақ, білім алушыларға біліммен қатар, тәрбиенің де қоса беріліп отырғандығы атап өтілді.
Жиын соңында Майра Тұрғанбайқызы, бұл жобаны түбегейлі зерттеп — зерделеп басқа өңірлерге таратуға болатындығын атап өтті.
Сонымен қатар, Ы.Алтынсарин ұлттық академиясынан жобаның ғылымилығы мен мұғалімдер зерттеулерін дамытатын арнайы мамандарды бекіту керек деген өз ұсынысын білдірді.

Сонымен қатар, Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп-лицейінің базасында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің әзірлеген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша Түлкібас ауданының білім бөлімінің әдіскері Калдыбекова Эльмира Әбілқасымқызы мен Сауран ауданының Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нишанбаев Куваниш Нурханович 2023-2024 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысы бойынша түсіндірме және талқылау жұмыстарын жүргізді.
Тәрбие жұмысын құндылықтар негізінде ұйымдастырудың ерекшеліктерін нақтылау;
Сыныптан тыс әлеуметтік тәжірибелер арқылы құндылықтарды дарытудың әдіс-тәсілдерін меңгеру бойынша тұжырымдамаға сәйкес кеңестер берілді.
Кездесу соңында бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне қатысты сұрақтар қойылып, пікір алмасу мен талқылау жұмыстары жүргізілді. Бағдарлама мен тәрбие тұжырымдамасының кешенді жоспарын шығармашылық топтармен бірге талқылау жүргізу ұсынылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *