ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА 5 МЫҢ ҚЫЗҒАЛДАҚ ЕГІЛЕДІ

Кентау қаласында биыл 45 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған. Оның облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан үлестірілген 33 мыңнан астам ағашы көктемде отырғызылды. Күз мезгілінде 11 800 мың ағаш отырғызылады деп жоспарлануда. Биылғы күздік маусымда ағаш отырғызу жұмыстары басталмақ.

Кентау қаласының көшелеріне және қала кіреберісіндегі жасыл аймақтың көгалдандыруына ерекше назар аударылып жатқанын атап өту қажет. Ағаштардың басым бөлігі С.Сейфуллин, Ш.Уәлиханов, Әл-Фараби, Т.Рысқұлов, Абай, Д.Қонаев және Қ.Яссауи даңғылдарына егілетін болады. Қазіргі таңда орындарын әзірлеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар саябақтар, саяжолдар мен көше қиылыстарына көпжылдық гүлдер мен 5 мың дана қызғалдақтар егу жоспарланып отыр. Осылайша әсем гүлдер мен жасыл желек қаланың ажарын аша түспек.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыста көгалдандыру жұмыстарын жандандыруды тапсырған болатын. Осы орайда Жетісай ауданындағы қала, кент, барлық ауылдық округтерде көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Егілген гүлдер мен көшеттерге жергілікті қазынадан қаржы қаралмаған, бәрі де демеушілер мен Түркістан облыстық Табиғи ресурстар басқармасы тарапынан жеткізіліп отыр.

Қазіргі таңда қаладағы тұрғындар жиі жүретін көпшілік орындары мен аудан әкімдігінің маңына 9 мың дана питуния, 3 мың дана шафран гүлдерінің көшеттері отырғызылды.

Былтыр аудан тұрғындары жиі баратын демалыс орындары мен скверлерге, парктер мен аллеяларға 19 мыңға тарта көшет отырғызылса, биылғы жылы 23 мың түп туя, сән ағаштары, сирень, кипорис, терек, шынар, қарағаш, багрянник, қарағай, каштан мен бадам секілді көшеттер егілген.Көгалдандыру жұмыстары тоқтаусыз жалғасып жатыр. Түркістанда жергілікті климатқа тез бейімделетін көшеттер мен көпжылдық шөптер, гүлдер гүлдейтін шөптерді өсіруге мән берілген. Атап айтқанда, шаһарда көлеңке беретін әрі тез өсетін қарағай мен акация ағаштары, үлкенжапырақты шегіршін, үйеңкі отырғызылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *