БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбековтің кезекті есеп беру жиыны Жамбыл ауылдық округінде өтті. Жамбыл ауылындағы мәдениет үйінде аудан әкімі округ тұрғындарына ағымдағы жылдың 8 айында аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды баяндады.

Есеп беру жиынында Ержігіт Шәріпбекұлы ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында «АУЫЛ АМАНАТЫ» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқандығын айтып өтті. Бағдарламаның аясында несиелендіру 6 БАҒЫТТА жүзеге асырылып, өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары және кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар. Бағдарлама аудандағы Алғабас, Ақбастау, Көктерек, Борлысай ауылдық округтерінде іске асырылуда. Бүгінгі күнге, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауданда 67 жоба қаржыландырылған. Несие алған тұрғындар өз кәсібін ашып жақсы нәтиже көрсетілсе алдағы жылдары барлық ауылдық округтер қамтылатын болады. Аудан әкімі аталған бағдарламаға белсене қатысуға шақырды.

Бүгін өздеріңізбен жүздесіп, маңызды мәселелерді бірге талқылау үшін арнайы келіп отырмын. Ағымдағы жылы Сіздермен 2 есепті кездесу өткен болатын, сол кезде округтің маңызды мәселелерін көтердіңіздер. Сол мәселелерді шешу бойынша арнайы іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Шыбыт елді мекеніндегі ауыз суға жаңа мұнара орнатуға қаржы қаралды. Осы айдың соңында орнатылып беріледі. Тасқұдық елді мекенінің ауыз суының ақаулары аталған мерзімде қалпына келтіріліп берілді. Жамбыл ауылдық мәдениет үйі мен Шыбыт елді мекендеріндегі ауылдық клубты жөндеуден өткізуге жобалары жасалып, 2024 жылдың бюджетінен қаржы көздері қарастырылуда. Жүзімдік елді мекеніндегі «Кәрі тоған» каналына бөгет пен тоспа (шлюз) орнату жұмыстарының жобасын әзірлеуге қажетті қаржысы аудандық бюджеттен қарастырылуда.

Тасқұдық елді мекеніндегі Ғ.Мұратбаев көшесіне 2024 жылға тас төсеу жұмыстары қарастырылуда. Бұл туралы аудан әкімі Боралдай ауылдық округі тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.

Есепті кездесуде аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Жамбыл ауылдық округіне қарасты елді мекендерден келген тұрғындардың қойған сұрақтары мен ұсыныс-пікірлеріне жауап берді. Бірқатар көтерілген мәселелер уақытты талап ететінін, бірақ міндетті түрде шешілетін атап өтті. Тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша жауапты бөлім, мекеме басшылары мен ауыл әкіміне бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Жамбыл ауылдық округі тұрғындарымен өткен бүгінгі жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Асқар Кенехан, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *