ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРМЕН АЙНАЛЫСАТЫН МОБИЛЬДІ ТОП ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының тапсырмасына сәйкес арнайы құрылған мобильді топ Жетісай және Мақтаарал аудандарына іс-сапармен барды. Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы бастаған топ мүшелері мақта мәселесі бойынша аймақтағы зауыттардың алдағы науқанға дайындығымен және мақта класстерін дамыту бойынша жергілікті әкімдіктердің атқарған жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, ауданға қарасты ауыл әкімдері, ауылшаруашылығы және жер қатынастары саласының мамандарымен жиын өтті.

Айта кетейік, бүгінгі күні Мақтаарал ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 60,8 мың гектарға жеткен. Оның ішінде 18,2 мың тонна көкөніс, 411,4 мың тонна бақша, 5,1 мың тонна картоп өнімдері жиналды. Қысқы маусымға қажетті 120 мың тонна мал азығы анықталып, 73,5 мың тонна өнім дайындалды.
Ал, Жетісай ауданында биылға ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 79,2 мың гектарға жетіп отыр. Бүгінгі күнге 71 мың тонна көкөніс, 614,2 мың тонна бақша, 1,8 мың тонна картоп өнімдері жиналған. Қысқы маусымға қажетті 195 мың тонна мал азығы анықталып, 160,5 мың тоннасы дайындалған.

Аудандарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру үшін заманауи ылғал үнемдеу технологияларын енгізу және озық инновациялық әдістерге көшу бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысы, Отырар ауданында өндірілетін ұлттық сусын – шұбат бүгінде бүкіл Қазақстан нарығын қамтып отыр. Ұлттық брендіміздің бағасы қалтаға қонымды, сапасы жоғары. «Отырар-Сүт-Ет» ауылшаруашылық өндірістік коперативі жергілікті балабақшалар мен мектеп балаларын бір мезгіл сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді.
Қазіргі таңда шаруашылық күніне 5000 литр түйе сүтін өндіреді. Мұнда қазір жалпы саны 12 адам жұмыспен қамтылған. Сақталу мерзіміне қарай Астана мен Алматы қалаларына жөнелтілуде. Негізгі тұтынушылар – жергілікті тұрғындар.
–«Отырар сүт ет» кооперативі сүттің майлылығын сақтай отырып, өнім дайындайтындықтан, әсіресе, шұбаттың сақталу мерзімі ұзақ емес. Енді ұжым жаңа инновация желісімен ұнтақталған шұбат өндіруді жоспарлап отыр. Түйе сүті ағзаға өте пайдалы болғандықтан, өнімнің бұл түріне сұраныс жоғары, –дейді кәсіпорын төрағасы Нұрсұлтан Ахаев.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы ел экономикасының жаңа қозғаушы күші болатынын айтып өтті. Жаңа жоба біздің өңір үшін өте маңызды. Қазіргі таңда Жамбыл және Ақтөбе облыстарында іске асуда. Ол аумақтарда халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі біршама артқан. Сондай-ақ тұрғындардың орташа табысының өскенін байқауға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *