БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ БӨГЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбековтің кезекті есеп беру жиыны Бөген ауылдық округінің орталығы Шалдар ауылында өтті.

Жиында аудан әкімі бұған дейінгі кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалуынан хабардар етті.
Биыл округке қарасты Сарқырама елді мекенінің ауыз суына тиісті жұмыстар атқарылып пайдалануға берілді. Аталған елді мекеніндегі айналма жол көшесіне демеушілер есебінен қуаттылығы жоғары трансформатор орнатылды. Шалдар елді мекеніндегі ауыл жастарының бастамасымен салынған ашық футбол алаңшасына жасанды газон алуға аудандық бюджеттен қаржысы қаралып, жұмыстар атқарылуда. Сарқырама елді мекеніндегі Орманов мектебіне баратын жаяу жүргіншілерге арналған жол салуға аудандық бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Шалдар елді мекеніне жаңадан 50 тонналық ауыз су мұнарасына қажетті қаржысы аудандық бюджеттен қарастырылуда. Жиенқұм елді мекеніндегі клуб ғимаратын ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарына ЖСҚ-сы әзірленіп, 2024 жылдың бюджетінен қарастырылуда. Шалдар елді мекенінің ауыз суындағы ақауларды қалпына келтіру бойынша ақау АКТ түзіліп, қажетті жұмыс көлемі нақтылануда. Қажетті қаржылары есептеліп, алдағы сессияға ұсынылады. Сондай-ақ, Жиенқұм елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Есепті кездесуде аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Бөген ауылдық округіне қарасты төрт елді мекеннен келген тұрғындардың қойған сұрақтары мен ұсыныс-пікірлеріне жауап берді. Бірқатар көтерілген мәселелер уақытты талап ететінін, бірақ міндетті түрде шешілетін атап өтті. Тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша жауапты бөлім, мекеме басшылары мен ауыл әкіміне тапсырма жүктеді.

Бөген ауылдық округі тұрғындарымен өткен бүгінгі жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Асқар Кенехан, аудан әкімінің аппарат басшысы, бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *