ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДАҒЫ МАШИНА ЖАСАУ КӘСІПОРНЫ ӨНІМДЕРІН ТҮРКИЯ ЖӘНЕ ҮНДІСТАНҒА ЭКСПОРТТАУДА

«KARLSKRONA LC AB» ЖШС – Ордабасы ауданындағы Индустриалды аймақта орналасқан машина жасау кәсіпорны.

Компания сорғыларды, электротехникалар, блокты-модульдік, стандартты емес жабдықтарды, түрлі темір қорытпаларынан құймаларды жасау, әзірлеу, сату, монтаж және сервистік қызмет көрсетумен айналысады. Өнімдер Түркия мен Үндістанға және Қазақстан қалаларына жіберіледі. Аталған компания арқылы 150-200 адам жұмыс орнымен қамтылған.

Қазіргі уақытта зауыт мұнай, тау-кен және атом өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығы және коммуналдық шаруашылық салаларында қолданылатын жабдықтарды шығаруда. Қазақстандық нарықта 2003 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Биыл 20 жылдық мерейтойын атап өтетін компанияның өндірістік және басқару процестері ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001 халықаралық стандарттарына сәйкестендірілген.

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Түркістан облысында 14 889 жұмыс істеп тұрған заңды тұлға тіркелген, оның ішінде 14 273 шағын, 508 орта, 108 ірі кәсіпорын. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың жалпы санының 571-і өңдеу өнеркәсібіне (541 шағын, 18 орта және 12 ірі кәсіпорын) жатады, бұл жалпы санның 3,8% — құрайды. 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңірдің өнеркәсіп өндірісінің көлемі 608,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде 257,7 млрд теңге – өңдеуші өнеркәсіп, оның үлесі өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде 42,3% — құрады.
Түркістан облысындағы сыртқы сауда 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 680,9 млрд. АҚШ долларын құрады. Өңірдің тауар айналымы құрылымында экспорт басым – 59,7% немесе 406,6 млрд. АҚШ долл., импорт-40,3% немесе 274,3 млрд. АҚШ доллары. 2010-2021 жылдары индустрияландыру картасы және кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында Түркістан облысында 148,7 млрд теңге сомасына 129 жоба пайдалануға берілді, 7,8 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылды.

Енгізілген жобалардың ең көп саны Ордабасы ауданында орналасқан-21 жоба немесе 16,3%, инвестиция көлемі бойынша Арыс қаласы көш бастап тұр-49,9 млрд теңге немесе 33,5%. Сондай – ақ, өңдеу өнеркәсібі жобаларының ішінде азық – түлік өндірісінде ең көп жобалар енгізілді-37 жоба немесе 35,2%, инвестиция көлемі бойынша да осы өңір көшбасшы-35 млрд теңге немесе 39,6%. Өңір перспективасында 7550 тұрақты жұмыс орнын құра отырып, 756,1 млрд теңге сомасына 31 инвестициялық жобадан өңдеуші өнеркәсіптің жалпы пулы қалыптастырылды. 2022 жылы облыста 8,1 млрд теңге сомасына 9 жоба пайдалануға берілді, 323 тұрақты жұмыс орны құрылды. Түркістан облысында 2022 жылы іске қосылған негізгі жобалар саласы құрылыс индустриясы болып табылады. Осылайша, кәсіпорындар темірбетон, мақта талшығы, жиһаз және азық-түлік және т. б. өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *