САРЫАҒАШ: АУЫЗ СУ ҚҰРЫЛЫСЫ АУДАН БАСШЫСЫНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан таза ауыз су құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Қазіргі таңда, Дербісек елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекеме тарапынан су қоймасының қалыптары құйылып, беті жабылуда. Су айдағыш насосының құбырлары тартылып, гидроизоляция жұмыстары атқарылуда. Құдықшалардағы өрт қауіпсіздігі крандарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша аталған құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

-Аудан тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету күн тәртібінен түспейтін мәселе. Бүгінде аудан аумағындағы елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда,-деді аудан басшысы.
Аудан басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшысына алдағы уақытта құрылыс жұмыстарының барысын арнайы өзі келіп қадағалап тұратынын жеткізді. Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан ауыз су құрылысын жоспарға сәйкес мерзімінде және сапалы жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар, ол Сарыағаш қаласы аумағындағы жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан көшелерге арнайы барып, жол сапасын бақылап қайтты.

Айта кетсек, ағымдағы жылы Сарыағаш қаласы аумағындағы Талғар, Қасымбеков көшелеріне шағал төсеу және Майлықожа көшесіне орташа жол жөндеу жұмыстары аяқталған.

Қазіргі таңда, Телемұнара м/а, Каркаралы, Ортатөбе, Тайтөбе, Зайсан, Жетіқара, Орталык, Аспара, Аққум, Ақжайык көшелеріне орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жол жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Жол жөндеу жұмыстарымен танысқан аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне жол жөндеу жұмыстарына салғырт қарамай, сапалы мерзімінде орындауды, тиісті бөлім басшысына құрылыс барысын баяндап отыруды тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *