ОТЫРАР: ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысында бөтеннің мүлкін ұрлаудың, соның ішінде мал ұрлығының алдын алу шаралары туралы, мал бағымын ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары туралы және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстардың себептері мен алғышарттарының алдын алу, сондай-ақ, есірткілік масаң күйде қылмыс жасау, нашақорлық және есірткі бизнесі туралы мәселелер қаралды .
Аталған мәселелер бойынша аудандық полияция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ермек Усербаев баяндама жасап, жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Бөлім басшысының айтуынша сегіз айдың қорытындысымен Отырар ауданында тіркелген қылмыстар өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 18,6 пайызға төмендеген. Ал, бүгінге дейін 8 мал ұрлығы орын алып, оның 5-еуі ашылса, қалған 3 қылмыс бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. «Орын алған барлық мал ұрлығы жайылымда ұрланып, яғни жәбірленушілердің өз малдарына қараусыз, бақташысыз қалдыру салдарынан болып отыр»-дейді Е.Усербаев.

Мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу мақсатында аудан көлемінен шығатын жолдарға әр аптаның сенбі күндері аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінен бекеттер қойылып, бақылау жұмыстары жүргізіліп келеді. Аталған жұмыстардың нәтижесінде 329 автокөлік тоқтатылып, оның ішінде заңсыз (ветеринариялық ілеспе құжаттарынсыз), ветеринариялық анықтамасыз мал тасымалдаған 32 автокөлік анықталыпаудандық аумақтық инспекция бөліміне жолданған. Бұдан бөлек ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу бойынша 158 дерек анықталып, мал иелеріне әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынған.

Кездесуде аудан басшысы ауыл округтерінің әкімдеріне қараусыз қалған мал иелеріне ескертіп, бақташы қойып, мал жайылымын тиімді ұйымдастыру қажет екенін тапсырды. Аталған мәселенің өзекті екенін ескертіп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін атап өтті.

Қазіргі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі үшін жапуапкершілік заң жүзінде күшейтілген. Яғни, жаңа түзетулер жәбірленушілерлің өтінішінсіз әкімшілік ұқықбұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік береді. Құқықбұзушылықтың осы бағыты бойынша ауданда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 78 тұлғаның арыз-шағымы тіркеліп аудандық сотқа жолданған. Мұнан бөлек нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы шаралар ұйымдастырылып, білім бөлімі мен емхана қызметкерлерімен бірлескен жұмыстар атқарылуда. Аудан аумағында өткен «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында ҚР ҚК-нің 296 және 300 бабтары бойынша 4 қылмыстық дерек тіркеліп, қазіргі таңда тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Жиын барысында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалдира Кизбай мен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Еркебұлан Жаймурзаев хабарлама жасап, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласы мен нашақорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Баяндамашылардан кейін сөз алған аудан басшысы мал ұрлығының алдын алу бағытындағы жұмыстарды жандандыруды, ауылдық жерлерде қараусыз қалған мал иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бақташы ұйымдастыруды жауапты бөлім басшылары мен ауыл округі әкімдеріне жүктеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *