ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҮШ ШАҒЫН КӨПІР ЖАҢАРТЫЛДЫ

Келес ауданы, Бірлік ауылындағы үш көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, ауылдық ауруханаға баратын Жангелдин көшесіндегі көпір, сондай-ақ, ауылдың орталық М.Әуезов және мектепке баратын Қажымұхан көшесіндегі көпірлер жаңартылды. Барлық көпірлерге арнайы адам өтетін өткел орнатылып, көлік жүруге арналған өткелдің түбі бетондалды.

Ауыл тұрғындары әлеуметтік нысандарға баратын көпірлердің тозғанын айтып, жаңартып беруін сұраған еді. Қазіргі таңда Бірлік ауылдық округінің әкімі Әбдіжәміл Серікбаевтың бастамасымен көпірлерге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, жобалық-сметалық құжаттары әзірленген. Ауыл әкімінің айтуынша, Келес ауданының әкімі Жәнібек Есенұлының қолдауымен қажетті қаражат қаралып, үш көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Түркістан облысының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының кешенді жоспары әзірленуде. Өңірдің дамуының негізгі мақсаттары, алда қол жеткізетін көрсеткіштер, басты бағыттар мен экономикалық бастамалар осы құжатқа енгізіледі. Бұл мақсатта ауқымды зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Құжатты дайындау үш кезеңнен тұрады. Жоба жұмысына бір топ сарапшылар атсалысып жатыр. Маңызды құжатты дайындауда өңір дамуындағы проблемаларды ескере отырып, дамыған елдер тәжірибелері де ескерілуде. Аталған құжатта 8 негізгі стратегиялық бағыт айқындалып, сол бойынша іс-шаралар кешенін қамтиды.

Стратегиялық құжатты әзірлеу барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалық етуімен өткен мәжілісте жан-жақты талқыланды. Жиынға барлық аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары қатысты. Қатысушылар жоспарды іске асыру мәселелерін және асырудың одан арғы қадамдары туралы өз ойларын ортаға салды. Жоба теңгерімді аумақтық даму, адами капиталдың сапасын арттыру, халыққа қолжетімді инфрақұрылым, халықтың табысын арттыру, тұрақты экономикалық өсу секілді стратегияны іске асыру алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге, басымдықтарды дамытуға және өңір тұрғындарының әл-ауқатының тұрақты өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Басты стратегиялық мақсат ретінде алдағы жылдарға облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын арттыру саналады. Дамудың басты драйвері – ауыл шаруашылығы саласы. Халықтың табысын арттыру – басты назарда. Аймақ басшысы экономиканы әртараптандыру мен өңдеу өнеркәсібіне басымдық берудің маңыздылығын айтты. Тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланып отырғанын жеткізді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *