САРЫАҒАШ: АУДАНДА ЖЕР ТЕЛІМДЕРІНЕ ИНЖЕНЕРЛІК-КОММУНИКАЦИЯ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгінгі күні аудан орталығындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту кезек күттірмейтін мәселелердің біріне айналып отыр. Себебі, тұрғындардың жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін бөлу жөніндегі сұраныстары жылдан-жылға өсіп келеді. Сонымен қатар, тұрғын үй салу үшін жер телімі бөлінгенімен Заң талаптарына сәйкес, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген жер телімдері табысталмайды.

Сондықтан, осы мәселелерді шешу мақсатында ауданда жаңа қоныстану аймағы игерілу үстінде.
Осыған орай, бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округіне арнайы барып, 70 гектар жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысымен танысты.
Құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер мекеме тарапынан ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Содан соң, аудан басшысы Жібек жолы ауылдық округі, Қарабау елді мекеніне арнайы барып, 27 гектар жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысымен танысты.
Аталған құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер мекеме тарапынан ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында көше аралық құбыр жолдарын қазу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша бүгінгі таңда электр бағаналары мен желілері тартылуда.

Құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев мердігер мекеме өкіліне құрылысты жоспар бойынша мерзімінде, сапалы аяқтауды, сонымен қатар, тиісті бөлім басшысына құрылыс барысын баяндап отыруды тапсырды. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 220 млн. теңге бөлініп, Жамбыл елді мекеніндегі 18 шақырымды құрайтын 6 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Жамбыл-Шаян» және «Бірлік-Сарқырама-Шалдар» автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нысандар толық пайдалануға берілді.
Боралдай және Жоғарғы Боралдай елді мекендерінде инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүргізілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *