ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» ФУТБОЛ КЛУБЫ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Жетісай ауданы әкімдігінің қолдауымен биылғы жылдың басында құрылған «Жетісай» футбол клубының ойыншылары футболдан ІІ лига командалары арасындағы Қазақстан Республикасы біріншілігін тәмамдады. Өз алаңында көршілес Мақтаарал ауданының теңбіл доп шеберлерін қабылдаған жерлестеріміз 3:1 есебімен жеңіске жетіп, ел чемпионы атанды. Келесі кезеңде жетісайлық клуб І лигада ойнайтын болады.

Турнир кестесінде өткізген 18 ойынның 12-інде жеңіске жетіп, 3 кездесуде жеңіліс тапқан, тағы 3 кездесуде тең түскен «Жетісай» командасының ойынына аудан әкімі Серік Мамытов пен ережесіз жекпе-жектен «One Silat» және «Alash Pride» тұжырымының чемпионы Қаршыға Дәуітбек, «Alash Pride» тұжырымының чемпиондары Бағдос Олжабай мен Рүстем Құдайбергенов, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары қатысып, жанкүйерлік жасады.
Негізгі құрамы 26 ойыншыдан тұратын команда 18 кездесуде қарсылас командалардың қақпасына 40 гол соғып, 26 голды жіберіп алған. Десек те, еңбек пен дайындық өз нәтижесін беріп 39 ұпаймен көш бастады. ІІ орында 37 ұпаймен «Қайсар» клубы жалғаса, үштікті 32 ұпаймен «Іле-Сәулет» командасы қорытындылап отыр.

Айта кетейік, «OLIMPBET» – Қазақстан чемпионатының Екінші лига клубтары арасындағы ойындарға қатысып, «Түркістан», «Тұран» және «Хан тенгри» клубтарымен ойын өткізген жетісайлық клуб «Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы» қауымдастығы» ЗТБ, «Түркістан облысы футбол федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі, Қазақстанның футбол федерациясы Лицензиялау департаменті лицензиясының иегері.

Қазақстан спорт державасы болуға тиіс. Елге білімді, белсенді және ақылды жастар қажет. Мемлекет басшысы осылай деді.Мемлекет басшысы Жолдауда бұқаралық спортты дамыту мен халықтың денсаулығын жақсарту мәселесіне ерекше көңіл бөлген. С. Жарасбаевтың айтуынша, Мәдениет және спорт министрлігі өз саясатында аталған мәселелерді негізге алған. Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес, 2018 жылдың қорытындысы бойынша тұрақты түрде спортпен айналысатын халық саны 29,8%-ды құрайды. Бұл барлық жас санаттарын қоса алғанда 5 млн адамнан асады.Халықтың салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен айналысуға деген сұранысын қанағаттандыру үшін, әрине, спорт ғимараттары қажет. Бүгінде Статистика агенттігінің мәліметінше, елімізде ауылдық жерлерде және қалаларда 9 мыңнан астам спорт нысандары бар. Бұл – негізгі нысандар. Олардың қолжетімділігі мен сапасы да Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған. Спорт ғимараттарының құрылысын ұлғайту туралы тапсырма берілді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *