ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА АУДАН ӘКІМІ АУЫЛ ҚАРИЯЛАРЫМЕН ТАЛ ЕКТІ

Созақ ауданы, Жартытөбе ауылындағы «Астана» саябағына аудан әкімі Мұхит Тұрасбеков барып, ауыл ақсақалдарымен бірге саябаққа шырша көшеттерін отырғызды. Шара аясында ауылдық округ жастары арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа арнайы қатысқан аудан әкімі аудан көлемінде спорт саласы бойынша қолға алынған ауқымды жобаларға тоқталып, салауатты өмір салтын ұстанып, спортты жанына серік еткен ауыл жастарына ізгі тілегін білдірді.

Айта кетейік, жарысқа Жартытөбе ауылдық округінен құралған 8 команда өзара сайысқа түсті. Мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту, жастардың бос уақыттары мен спорт алаңшаларын тиімді пайдалану арқылы достық қарым-қатынасты нығайту. Жарыста жеңіске жеткен командаларға арнайы диплом, кубок, медаль мен сый-сияпаттар табысталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын ел назарына ұсынғаны белгілі. Жолдау барысында Мемлекет басшысы еліміздегі экологиялық жағдайға баса назар аударған болатын.

Аталған жолдаудың 7-ші бөлімінде ел Президенті еліміз бойынша 2 млрд ағаш отырғызатыны туралы баяндаған. Осыған орай Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев 2 млрд түп ағашты қалай отырғызатыны туралы журналистер алдында баяндаған болатын.

Мемлекет басшысының Жолдауын бәріміз білеміз. Ол кісі еліміздегі орман алқабын үлкейту мәселесіне үлкен назар аударған болатын. Нақтылайтын болсақ, алдымызда Жолдауға сәйкес 2025 жылға дейін 2 млрд түп ағаш отырғызу міндеті тұр. Бұл дегеніміз 85 мың га қашықтықты құрайды. Жалпы ел көлеміндегі орман алқабы 6 млн га-ға жетіп отыр. Қазақстанда далалық алқаптар өте көп. Ендігі мақсат осы жерлерді орманға айналдыру, — деді Ерлан Нысанбаев.

Экология министрінің орынбасары сөз барысында ағаш отырғызу процесі әр өңірде климаттық жағдайға байланысты әр түрлі жүріп отыратынына да ерекше назар аударды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *