ТҮРКІСТАНДА «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ОРТАҚ ІС» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

19 қыркүйекте Түркістан облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ іс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау, жемқорлық деңгейін төмендету.

Жиынға Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы төрағалық етті. Іс-шарада «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұржахан Абуова, ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша наиб имамы Серкебай Таңат, Облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теологы Нұрлыхан Әмзеев баяндама жасады.

Дөңгелек үстелге ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдері қатысты. ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдері уағыз-насихаттарында пара беру де, пара алу да, ортада дәнекер болу да шариғатымызда үлкен күнә екеніндігі туралы жұртшылыққа түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
Баяндамалар оқылып болған соң, ұсыныстар мен пікірлер тыңдалып, облыстық дін істері басқармасының басшысы жиынды қорытындылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауында кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында сөйлеген сөзінде «сыбайлас жемқорлықпен күресу – ортақ міндет» екеніне тоқталды.Жемқорлықпен күрестің ең нәтижелі құралдарының бірі мәліметті беруді цифрландыру болып табылады. Сол жолға түсіп те келеміз. Казіргі таңда мемлекеттік қызметтің басым бөлігі электронды форматта көрсетілуде. Сол арқылы мемлекеттік қызметкердің қызмет алушымен тікелей қарым-қатынас орнатуына жол берілмейді. Бұл да жемқорлықпен күрестің бір жолы. Сыбайлас жемқорлыққа ең алдымен адами фактор әсер етеді. Яғни қызмет көрсетуші мен алушының арасында тікелей байланыс болмаған жағдайда жолдан тайғандар да болмайды. Осы мәселеге ел Президенті де ерекше назар аударып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР сайланған Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінде мән беруді қажет ететін маңызды бағыттарды алға тартқан еді. Сол кезде Президент атап өткен сегіз бағыттың екіншісі елдегі сыбайлас жемқорлықты жою жөнінде болды.

Жемқорлық-мемлекеттің дамуын тежейтін кесел». Бұл қоғамдағы өзара сенімге, жалпы мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргіземіз, деді Қ.Тоқаев.Мемлекет басшысы өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Естуші мемлекет» тұжырымдамасы, барлық азаматтардың үндеулеріне жедел әрі тиімді жауап беруге бағытталуы керек деп талап қойды. Сондай-ақ, Президент мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы қарым қатынастың жүйелі түрде болуын тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *