ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА 28 ТҮРЛІ КОНДИТЕРЛІК ӨНІМ ӨНДІРІЛУДЕ

Сарыағаш ауданында “Fresboom” ЖШС тәттілер өндірісін қолға алған. Серіктестік өнімдерін еліміздің барлық өңірлерімен қатар, Ресейге де экспорттауда.
Жалпы кәсіпорнында 28 түрлі кондитерлік өнім өндіріледі. Жүзден аса адамды тұрақты жұмыспен қамтыған өндіріс орнында барлық техника заман талабына сай жасақталған.
Өндіріс орнында бір тәулікте 3 млн 200 мың дана сағыз, 3 000 келі шоколад, 165 мың дана чупа-чупс өндіруге қауқарлы. Мекеме басшылары алдағы уақытта өнім түрі мен көлемін ұлғайтып, экпорт мөлшерін арттыруға ниетті.
Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауындағы тапсырмаларды орындау жөнінде жоспар бекітіледі. Бұл мәселе облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттың апталық отырысында арнайы қаралды. Жиында бірнеше басқарма басшысының есептері тыңдалып, жоспарлар жасалды. «Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында Түркістан өңірінің дамуына тікелей ықпал ететін мәселелер көтеріліп, міндеттер жүктелді. Таяуда Үкіметтің қарауымен Жолдауды жүзеге асыру жөніндегі нақты іс-қимыл жоспары бекітіледі. Біз де өз тарапымыздан әлеуетімізді саралап, дайындықты бастауымыз керек.

Облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері өздеріне тиесілі салалары бойынша жоспар жасап, елдің әл-ауқатын көтеру, Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыру бойынша жұмысты күшейтулері тиіс», – деді Дархан Сатыбалды. Мәжілісте Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек Жолдаудың барлық саланы қамтып отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы макроэкономикалық саясатты қайта жүктеу үшін бюджеттік — салықтық саясатты дамытуды тапсырды. Сонымен бірге биыл экономиканың өсімін 4% денгейінде қамтамасыз етуді жүктеді. Биыл облыстың жалпы өңір өнімін 3,5 трлн. теңгеге немесе 3,6% өсімге қол жеткізу жоспарланған.

Бұдан бөлек, облыс экономикасының өсімінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2024-2028 жылдарға арналған Әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының 2-кезеңі әзірленуде. Болжамға сәйкес 2028 жылға жалпы өңірлік өнімнің көлемі 1,5 есеге көбейтіп, 5,2 трлн. теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Р.Мұздыбеков пен Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Н.Мырзахметов те өз салалары бойынша атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Қазіргі таңда «Кентау қаласы №5 ЖЭО қазандықтарын, жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларын қайта құру» нысаны бойынша облыстық бюджеттен 3 млрд. теңге қаржы бөлініп, мердігер мекемелер тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Облыстағы 833 елді мекеннің 814-і орталықтандырылған электр желісіне қосылған, қалған 19 елді мекен дербес электр қондырғысынан электр қуатын пайдалануда.

Сонымен қатар облыс аумағында жаңартылатын энергия көздері саласын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар іске асырылуда. Қазіргі таңда, Түркістан облысы аумағында жалпы қуаты 228,6 МВт құрайтын 23 жаңартылатын энергия көздері жобалары іске асырылған. Биыл қазан айына дейін Отырар ауданы, Шәуілдір елді мекенінде қуаты 50 МВт құрайтын «Шәуілдір» күн электр станциясының құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. 2023 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 833 елді мекеннің (2 млн. 119 063 тұрғын) 465 елді мекені (55,9 %) немесе 1537 588 тұрғын (72,6 %) табиғи газбен қамтамасыз ету мүмкіндігіне қол жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *