ТҮРКІСТАНДА ӘЛІППЕГЕ АРНАЛҒАН КӨМЕКШІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасында журналист, жазушы, «Алтын қалам» республикалық әдеби байқауының лауреаты Ділдәгүл Нұрмаханбеттің «Әліппеге арналған әдістемелік-хрестоматиялық көмекші оқу құралының» таныстырылымы өтті.

Алдымен көрмені тамашалаған көпшілік назарына бейне туынды ұсынылды. Шараға зиялы қауым өкілдері мен ұстаздар қатысып, автор мен оның кітабы жайлы пікірлерін білдірді. Жазушы Нұрдәулет Ақыш модератор болса, ҚР Мәдениет саласының үздігі Мақсат Айтжан кешті тізгіндеді. Шара барысында әсем әндер шырқалып, оқушылар мен студенттер өлең оқыды. Аталған кітаптың тұсауы кесіліп, көпке жол тартты. Кешті облыстық кітапхана басшысы Жанат Шардарбекова қорытындылап, келген қонақтарға алғысын білдірді.

Жақында жарық көрген «Әліппенің» әдістемесіне авторы 7 жылын сарп еткен. Балалардың ең алғашқы танымдық кітабы саналатын кітапты зерттеп, бүгінде көпшілікке ұсынып отыр. Нәтижесінде оқушылар көмекші кітаппен әліппені тереңдетіп оқи алады. Ділдәгүл Нұрмаханбет өз кезегінде көп жылдық тәжірибесін жаңа оқулықта кеңінен қолданғанын, кітапты 12 рет талдау сараптау қызметінен өткізкенін атап өтті. Тіпті 7 рецензия жазған. Көрнекі құрал мұғалімге плакат формасында және балаларға жұмыс кітабы формасында дайындалған. Көмекші оқу құралында автор балалар ойын дамыту үшін ойындар мен логикалық сұрақтарды көбірек пайдаланған.

Автор бұл еңбекті жазуға ба­ла­лардың ойлау қабілетін арттырып, сөйлеу дағдысын дамытатын сапалы көрнекі құралдар­дың аздығы, сондай-ақ мектеп бағдарламасына «Әліппенің» орнына «Сауат ашу» пәнінің ен­гізілгені түрткі болғанын айтты. Жеті жылға жуық уақытын оқу-әдістемелік құралын жазу ісіне арнаған автор ұлттық педагогика мен адамгершілік этикаларын білім беру үрдісімен ұш­тастырудың кемшін тұстары бар екеніне қынжылыс білдірді. Осы орайда ірі қалалардағы кітап дүкендеріндегі балаларға арналған өнімдерге сараптама жасай жүріп, әсіресе бастауыш сыныптарға арналған көрнекі құралдардың аздығына көз жет­кіздім дейді автор.

– Елімізде оқулық шығара­тын баспалар оқу әдебиетін шы­ғарумен шектеліп, пәнге арналған көрнекі құралдарға жеткілікті кө­ңіл бөлмей келеді. Мектеп мұ­ға­лімдерімен әңгіме барысын­да көрнекі құралдардың жетіс­пеушілігінен әдістемелік құрал­дарды өздері қолмен жасауына тура келетінінен хабардар болдым. Нарықты зерттеп, зерделей келе «Әліппені» оқытуға арнал­ған әдістемелік хрестоматиялық көмекші оқу құралын жазу қа­жет­тігіне көзім жетті. Әрине, оқу құралын жазардан бұрын бала­лар әдебиеті нарығын көп зерттеуге, тиісті министрліктің бағдарламаларымен танысуға тура келді. Бастауыш сынып ме­то­дикасын зерделегеннен ке­йін көрнекі құралдың жоба­сы жасалды. Алайда айтуға оңай бол­ғанмен, балалардың сұранысын, олардың таным-түсінігін меңгеру қиын­ға соқты, – дейді Ділдәгүл Нұрмаханбет.

Бұған дейін жарық көрген «Әліппе» оқулық­та­рын, әде­биет­терді, сөздіктерді, әдістемелік кітап­тар­ды зерттеуге біршама уақытын арнаған автор бұл әдіс­темелік құралдағы тапсырмаларды балалар­дың мейлінше еркін әрі жылдам меңгеруіне бағыт­тап отыр.

Көрнекі құралда балаларға әріп­терді таныту, оқуға, жазуға үйрету, яғни сауатын ашуда ұлт­тық салт-дәстүр арқылы тәрбие беру үлгісімен өрнектелген суреттер мен мәтіндер білім беру­дің дәстүрлі әдістерімен бе­рілген. Бастауыш сыныптағы әдіс­темелердің барлық талапта­рына мән бере отырып, автор көр­некі құралдың мұғалімге пла­кат және балаларға жұмыс кітабы формасында дайындауға басымдық беріп отыр. Білім беру дағдыларының дәстүрлі әдістемесін қамтамасыз ететін әдіс­темелік құрал түрлі-түсті суреттермен безендендірілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *