Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы іске қосылды. Жылжымалы кітап пункті аудан әкімшілігі мен Шолаққорған ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында, «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығында ашылды.
«Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасына аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов арнайы қатысып, жобаның оқырмандар үшін пайдасы мен тиімді тұстары жақсы екенін тарқата айтып өтті.
Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаты Рабиға Шамақызы және аудан әкімдігінің мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мерей Ниязәліұлы кітапхана ұжымының жаңа бастамаларына сәттілік тілеп, жаңа жобаның лентасы қиылды.
Аталған жоба мақсаты билік пен халық арасындағы байланысқа руханият арқылы дәнекер болу, халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кітапхана қорындағы кітаптарға қолжетімділігін арттыру болып отыр.
Ашық әкімдікте орналасқан кітап пунктіне кітапхана қорынан тарихи және көркем әдебиет бағытындағы кітаптар мен сондай-ақ мерзімді басылымдар соңғы кезде сұранысқа ие болып жатқан мотивациялық кітаптар қойылып, оқырмандардың сұраныстарын толықтыру үшін арнайы кітапханашылар жауапты болып орналастырылды. Оқырмандардың сұранысы бойынша сөредегі кітаптар жаңартылып отырады. Сонымен қатар, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасымен жылжымалы кітап пункті ашылды. Кітапхананың ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев пен аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының басшысы, ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қатысты.
Аталған жоба мақсаты билік пен халық арасындағы байланысқа руханият арқылы дәнекер болу, халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кітапхана қорындағы кітаптарға қолжетімділігін арттыру болып отыр.
Мұнда көркем және салалық әдебиеттермен қатар, мерзімді басылымдарды табуға болады. Ашық әкімдікте орналасқан кітап пунктіне Сарыағаш ауданының мемлекеттік қызметшілері оқырман ретінде тіркеліп, кітапхана қорынан кітап ала алады.
Айта кетейік, Түркістан облысы әкімдігінде «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы аясында басталған жылжымалы кітап пункті Бәйдібек, Түлкібас, Мақтаарал аудандарында ашылды.