ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНДЫҚ ӘКІМДІГІНДЕ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Созақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы іске қосылды. Жылжымалы кітапхана аудан әкімшілігі мен Шолаққорған ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында және «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығында ашылды.

Аталған шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов бұл жобаның оқырмандар үшін мәні жоғары екенін атап өтті. Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаты Рабиға Шамақызы және аудан әкімдігінің мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мерей Ниязәліұлы кітапхана ұжымының жаңа бастамаларына сәттілік тілеп, жаңа жобаның шымылдығын түрді.

Бұл кітап пунктіне тарихи және көркем әдебиет бағытындағы, сондай-ақ, салалық кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылып, жауапты маман бекітілген. Оқырмандардың сұранысы бойынша сөредегі кітаптар алдағы уақытта жаңартылып отырады.
Айта кетейік, аталған жобаның мақсаты — билік пен халық арасындағы байланысқа руханият арқылы дәнекер болу, халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кітапхана қорындағы кітаптарға қолжетімділігін арттыру.

Айта кетейік, Түркістан облысы әкімдігінде «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы аясында басталған жылжымалы кітап пункті Бәйдібек, Түлкібас, Мақтаарал аудандарында ашылды. Сондай-ақ, Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы іске қосылды. Жылжымалы кітап пункті аудан әкімшілігі мен Шолаққорған ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында, «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығында ашылды.

«Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасына аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов арнайы қатысып, жобаның оқырмандар үшін пайдасы мен тиімді тұстары жақсы екенін тарқата айтып өтті.
Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаты Рабиға Шамақызы және аудан әкімдігінің мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мерей Ниязәліұлы кітапхана ұжымының жаңа бастамаларына сәттілік тілеп, жаңа жобаның лентасы қиылды.

Аталған жоба мақсаты билік пен халық арасындағы байланысқа руханият арқылы дәнекер болу, халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кітапхана қорындағы кітаптарға қолжетімділігін арттыру болып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *