Шымкент қаласында мәдени салаға ерекше көңіл бөлінуде. Оған дәлел, шаһардағы Көкбұлақ, Өтеміс, Қаратөбе және Қайнарбұлақ клубтары бұзылып, қайта салынуда. Мәдениет саласына қарасты ғимараттардың жөнделуі алдағы уақытта да жалғасын табады. Мегаполисте цирк, мұрағат, музей, 6 кітапхана, 6 театр және Шымқала тарихи-мәдени кешені жұмыс жасайды. Аталған мекемелерде 1 мың 793 адам қызмет жасауда.
Қуанарлық жайт, жақында тарихи тұлғаларымыз Нұрғиса Тілендиевтің, Фариза Оңғарсынованың, Ақселеу Сейдімбектің, Тәуке ханның есімдері білім ордаларына берілді.
Елдегі тарихи маңызы бар Ибрагим ата мен Қарашаш ана кесенелеріне ғылыми реставрация жұмыстары жүргізілген.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін есепке алу, қорғау аймақтарын анықтау және мемлекеттік тізімге енгізу үшін тарихи-мәдени сараптама дайындау жоспарлануда. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің жинағы шығарылатын болады.
Сабыржан Байбосынов
Журналист