ШЫМКЕНТ ТЕАТРЛАРЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНГЕН

Шымкент каласыңдағы мәдениет саласының қызметкерлерінің кәсіби деңгейі жоғары. Шеберліктерінің арқасында
2023 жылы биіктерден көрінді. Мәдени ордаларымыз респуликада үздіктер қатарынан көрініп, «Үздік музыкалық безендіру», «Ең үздік балалар қойылымы», «Үздік драматургия», «Үздік екінші пландағы ер адам рөлі» және «Көрермен көзайымы» номинациялары бойынша жүлделі орындарды иеленді.
Ал цирк өнерпаздары «14-ші Азия жаңғырығы» Халықаралық цирк фестивалінде «Алтын» жүлде жеңіп алды. Моңғолия елінде өткен халықаралық «БРАВО ЦИРКУС-3» сайысында «Талант сыйлығына» ие болды.
Сонымен қатар, Шымкент қалалық Көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы 1 желтоқсан күні Астана қаласында өткен «Рухани Қазына» республикалық фестивалінде «Айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған үздік кітапхана» ретінде танылған болатын.
Осы мәдени жетістіктер мегаполис өркениетінің өрге басқанын көрсетуде.
Бұл игі жаңалықтарды қалалық ақпараттық коммуникациялық орталығында Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев брифингте айтты.
Сабыржан Байбосынов
Журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *