ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛАҚЫ КӨТЕРІЛМЕЙДІ

Мұнан бұрын Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде жолақы көтерілітіні туралы ақпарат тараған болатын. Осыған орай сол кезде Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Шерзат Сүттібаевқа жолыққан едік. Сонда Ш.Сүттібаев:
— Зерделеу жұмыстарына байланысты Шымкентте жолақының тым төмен екені анықталды. 70 теңге жолаушы тасымалдайтын компаниялардың еңбегін ақтамайды. Қала ішінде әр адамды автобуспен тасу шығыны 500 теңгені құрайды. Ал жолаушының төлейтіні 70-ақ теңге, — деген болатын. Иә Ш.Сүттібаевтың да айтқаны рас шығар. Дегенмен, бір апта бұрын бірнеше қоғам белсендісі қала әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбаевқа жолығып шаһардағы автобустардың қымбат жанар маймен емес, арзан газбен жүретінін айтқан. Метан ресурсының жолаушы тасымалдау үшін үлкен шығын емес екенін тілге тиек етіп, жолақыны көтермеуді талап етті.
Ал бүгін Шымкент қаласындағы жолақының көтерілмейтіні туралы ақпарат тарады. Бұл жаяу жүргіншілер үшін игі жаңалық.

Сабыржан БАЙБОСЫНОВ
Журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *