ШЫМКЕНТТЕ ТЕРРОРИЗМДІ НАСИХАТТАУШЫ ҰСТАЛДЫ

Ал керек болса, Шымқалада терроризмді үгіттеген күдікті азаматтың ұсталғаны туралы хабар тарады.
Күдіктіні ұстауды 28-ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура органдары үйлестіргені айтылуда. Күдіктінің теріс бағыттағы үгіт жасауды әлеуметтік желіде жүзеге асырғаны, бұрын шетелде тұрып радикалды идеологияға уланғаны жөнінде мәлімет берілді.
Бұл туралы «Dalanews. kz» сайты хабарлады. Сонда елімізде экстремистік пиғылдағы әрекет жасаушылар әлі де бар ма? Бүгінгі таңда исламның атына дақ түсірушілер қой терісін жамылған қасқырлар екені жасырын емес. Теріс ағымда жүргендерді бір ғана сөзінен анықтауға болады. Олар халифат құрғысы келеді. Дінді үгіттеушіге «Елдің халифат болуына қалай қарайсыз?» деген сұрақ қойсаңыз жетіп жатыр.
Ал ұсталған күдіктіге қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сабыржан БАЙБОСЫНОВ
Журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *