1 МИЛЛИОН 600 АДАМ НЕСИЕСІН ТӨЛЕЙ АЛМАУДА

Қазақстанда 8 миллионнан аса адамның несиесі бар. Ал оның ішінде 1 миллион 600 адам несиесін төлей алмауда. Қаржылық ұйымдарға сенсек, қайтарылмаған несие көлемі 1,7 миллиард теңгеге жеткен. Бұл түйткіл Парламент мәжілісінде қаралды. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова:
— Қазіргі уақытта онлайн микронесие ұйымдарына берешегін бере алмай отырған борышкер саны — 227 мың. Бұл микро несие ұйымдарынан қарыз алушылардың 80 пайызын құрайды. Былтыр 77 қаржы ұйымын тексеруден өткіздік. 43 қаржы ұйымынан айтарлықтай заң бұзушылықтар анықталды. Олардың 13-нің лицензиясын қайтарып алдық. Қысқа уақытқа беретін несие түрін тоқтату қажет», — деді.
Өз кезегінде депутат Мақсат Толықбай бұған дейін Парламентке келген жауапты тұлғалардың өсім пайыздарын төмендетуге уәде беріп кеткенімен орындамайтындарын тілге тиек етті. Әрі өсім пайыздарын төмендетуді заңмен бекіту қажеттігін айтты.
Парламентте коллекторлық ұйымдардың борышкерге жиі қоңырау шалып, тіпті, қарыз алушының таныстарына хабарласып, құпия жайттарды баяндайтыны да сөз болды. Енді қарыздың ай сайынғы төлемі табысыңыздың жартысынан асатын болса, несие берілмейді. Кепілге қояр дүниеңіз болса ғана несие берілмек.
Сабыржан БАЙБОСЫНОВ
Журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *