ҚАЗАҚСТАННАН ЖАҢА КЕН ОРНЫ ТАБЫЛДЫ

ҚАЗАҚСТАННАН ЖАҢА КЕН ОРНЫ ТАБЫЛДЫ

Сүйінші, Шығыс Қазақстан облысы өңірінен литий қоры табылды. Жаңа кен орнынан бұрын тантал өндірілген. Әдетте, литий тантал кені жатқан аумақта болады.
Геологиялық жұмысты Оңтүстік Кореяның KIGAM компаниясының мамандары жүргізген. Зерттеу жұмыстары өткен жылдың мамыр айынан басталған. Табылған ресурс қорының құны 15,7 миллиард долларға бағалануда.
Литийдің құндылығы 5,3 пайызды құраған. Қазіргі Аустралияда өндіріліп жатқан литий құндылығы 2,1 пайызды құрайды екен. Бүгінгі таңда литийден электромобиль көліктерінің аккумуляторы жасалуда. Енді электромобиль өндірісіндегі алпауыт компаниялар Қазақстан ресурсына мойын бұрары хаһ.
Сабыржан БАЙБОСЫНОВ
журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *