ТАРАУИХ НАМАЗЫН ҚИРАҒАН МЕШІТТЕ ОҚЫДЫ

Палестинаның Рафах қаласының тұрғындары алғашқы тарауих намазын қираған мешітте оқыды. Әл-Фарау атындағы ғибадат үйі бұдан біраз уақыт бұрын атыс-шабыс кезінде бүлінген. Ғаза секторының оңтүстігінде орналасқан бұл мешіт төңірегінде электр жарығы да жеткіліксіз болған. Әлсін-әлсін жарықтан бөлек, бір бағытта жанатын прожекторлар қолданылған. Ораза күнінен бір күн бұрын оқылатын тарауих намазына жергілікті жұрт көбірек келген.
Палестинада азық-түлік жетіспеушілігі күрделі мәселеге айналған. Әйтсе де, Бельгия мен Мысыр елдері жергілікті жұртқа қажетті заттарды ұшақтармен апарып, парашютпен тастауда. Сол себептен кейбір ұн қаптарының жарылып та кетуде. Әйтсе де, палестиндіктер жердегі ұнның өзін қырнап, тазалап алуда. Азық-түліктің жеткізілгеніне қуанып, сәжде жасап, ұнның қабын сүйіп жатқандар да кездесті.
Сабыржан БАЙБОСЫНОВ
Журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *