ШЫМКЕНТТІК БЕЛСЕНДІЛЕРМЕН ФРАНЦИЯ КОНСУЛЫ КЕЗДЕСТІ

18-наурыз күні Шымкент қаласындағы қоғам жанашырларымен Францияның Алматы қаласындағы консулы Фабрис Невеу кездесті. Жүздесуге белсенділерден Жарқынбек Сейтінбет, Нышанәлі Ағаділов, Ерғали Құлыбаев, ордабасылық депутат Ғабит Оразымбетов, Ақлима Пернеева барған.
Басқосу барысында Қазақстандағы әлеуметтік, қоғамдық, діни жайттар сөз болған. Белсенділер елдегі пара алу мәселесінің ушығып тұрғанын, кейбір елдер қазақ халқына өз идеологиясын тықпалап жатқанын, өздерінің әділ сайлау үшін тер төгіп жүргенін айтқан. Консул тарапынан «Сіздер, қоғамдық жұмысты ақыға істейсіздер ме, белсенділер қандай қызмет атқарады? » деген сұрақ та қойылған. Ал қоғам жанашырлары бірі құрылыста, екіншісі күндік табысқа жұмыс істеп, нәпақасын тауып жүргенін тілге тиек еткен.
Айта кетер нәрсе, кездесу Франция консулының бастамасымен жүзеге асқан. Фабрис Невеу Ерғали Құлыбаевқа хабарласып, сұхбаттасуға шақырыпты. Е.Нариманұлы жүздесуге бірнеше белсенділерді де қатыстырғанды жөн санаған. Фабрис Невеу басқосу соңында алдағы уақытта да байланыста болатынын жеткізген.
Сабыржан БАЙБОСЫНОВ
Журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *