ҚАҚПАҒЫ БАР, «КОЛЦОСЫ» ЖОҚ, «КОЛОДЕЦ»

Жетісай ауданындағы «Ынтымақ» ауылының тұрғыны Ақмолда Шамин редакциямызға бейнетүсірілім жіберді. Онда жаңадан жүргізілген ауыз су жүйесінің «колодеці» тұратын жерде сақина үлгідегі бетоны көрінбейді. Оның үстіне, қақпақ бетон топырақ шұңқырдың ернеуінде жатыр. Ернеудің ашық тұстарына бір-екі кесек қойылған. Мүмкін сақина үлгісіндегі бетон шұңқырда төмендеу тұрған шығар. Әйтсе де бетон қақпақтың топыраққа жатқызылуы қауіпті. Қазір көктем мезгілі, жауын-шашын көп. Жаңбыр жауғанда топырақ ернеу езіліп, ауыр қақпақтың бір жағы қисайып құлауы мүмкін. Ал көшеде балалар да жүретіні белгілі жайт. Бетон қақпақ құламаса да, жан-жағындағы ашық тесікке бүлдіршіндер барып сығалап, оқыс жағдай орын алмасына кім кепіл? Бейнетүсірілімдегі жайт, Баян Сұлу көшесіндегі ахуал.
Су құбырын тартушы серіктестік жұмысын не үшін мұншалықты салғырт атқарған? Кімге сенген? Әлде серіктестіктің Жетісай ауданындағы бір шенеунікке қатысы бар ма?
Сабыржан БАЙБОСЫНОВ
Журналист

 

https://www.facebook.com/reel/1537459493863161

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *