ШЫМКЕНТТЕГІ КӨШЕТІ ЖОҚ ШҰҢҚЫРЛАР

Шымкент қаласында «Нұршуақ», «Ынтымақ-2» шағынаудандарын кесіп өтетін Әл Фараби көшесінің жалғасы бар. Бұдан бірнеше жыл бұрын сол көшенің екі жағына ағаш көшеттерін егу үшін бірнеше шақырымға дейін шұңқырлар қазылған. Сол шұңқырлар қазылғаннан кейін тұрғындар көшеттер егіледі деп үміттенді. Әйткенмен әлі күнге ешқандай ағаш көшеттері отырғызылмады. Жылдан  жылға шұңқыр іші биіктеп, толып қалатын түрі бар. Ішін шөп басып шымға айналды. Қазіргі күнде шұңқырлар көшет егуге арналған тереңдігінен айныған. Жел тұрса полиэтилен қалталар мен қағаздар соған түседі. Ағаш отырғызу маусымының басталғанына да біраз уақыт болды. Алайда,  Шымкент қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасы аталған көшеге ағаш көшеттерін отырғызуды сол күйі ұмытып кеткен  секілді.

Шымкент әкімдігі бұл мәселеге не үшін назар аудармайды?  Әлде Әл Фараби көшесінің жалғасына егілетін көшеттер үшін бөлінетін қаржы көлемі тым аз ба?

Сабыржан БАЙБОСЫНОВ
Журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *