ШЫМКЕНТТЕГІ АШ ІШЕКТЕЙ ШҰБАТЫЛҒАН КАБЕЛДЕР

Шымкент қатардағы қала емес, мегаполис. Мегаполис тұрғындары біріншіден миллионнан асу керек. Екінші, көркем сурет галереясы, сатира театры және басқа көптеген мәдени ошақтары болуы тиіс. Шүкір, мұның барлығы бар.
Бірақ, біздегі коммуналдық жүйелер жинақы емес. Мәселен, жұрт Тельман атап кеткен елді мекенде тұрған бағаналарды, олар арқылы тартылған желілерді көрген адам шошиды. Барлығы да қалай болса, солай тартылған. Бірнешеуі қатар тартылған желілер, кей тұста қыздың шашындай буылып байланған. Ертең сол буылған тұстардан өрт шықпасына кім кепіл? Кабель сырты жарылса, қысқа тұйықталу пайда болып, тұрғындардың теледидар, тоңазтқыштары күйіп кетсе кім жауап береді? Ешқандай келеңсіз жағдай болмағанның өзінде мегаполис көшелерінде аш ішектей шұбатылған, салбыраған, бума-бумасымен буылған желілер қала сәнін бұзып тұр.
Біз бір ғана Спатаев көшесіндегі жайтты сөз етіп отырмыз. Мұндай сұрықсыз көріністердің қанша көшеде бары белгісіз.
Қысқасы, тиісті орындар аталған мәселеге орай қажетті шараларды қолға алады деп сенеміз.

Кәмшат БЕКМҰРАТОВА
Автор

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *