ШЫМКЕНТТЕ ЖАУЫН КЕЗІНДЕ АРЫҚ ТАСЫП, БАҒДАРШАМ ӨШКЕН

28-наурыз күні Шымкентте өзгеше жауын жауды. Таңғы сағат 9.00 шамасында аспан лезде бұлттанып, артынша алай-дүлей жел соқты. Қатты жаңбыр жауып, оның дыбысының өзі гүрілдеп кейбіреулерді қорқытты. Артынша тасырлай бұршақ жауып, найзағай ойнады. Бір қалыпқа түскен жаңбыр бірнеше сағатқа жауды. Жұрт Тельман атап кеткен елді-мекенде қарапайым тұрғындардың жол жиегіндегі арықтарды тазалап, су жолын ашып жүргенін көрдік. Мұның өзі арық тесіктерінің бітеліп қалғанын, тасыған судың аулаға кіргенін білдіреді.
Ал Тұрар Рысқұлов пен Бауыржан Момышұлы көшелерінің қиылысында бағдаршам өшіп қалған. Бұл жайт көлік қозғалысының қиындауына сеп болған. Қалада Текесу су қоймасының жай-күйіне алаңдап жүрген тұрғындар да бар. Себебі, Текесу өзенінің бұрынғы табанына Қарабастау тұрғын алабында тұрғын үйлер салынып кеткен.
Ал Қазақстанның шығыс, батыс, солтүстік өңірлерінің кей тұстарында жойқын су тасқыны орын алуда.

Сабыржан БАЙБОСЫНОВ
Журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *