ШЫМКЕНТТЕГІ ҚУРАҒАН ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ

Шымкент қаласының оңтүстік жағында Психоневрологиялық диспансер мекемесі орналасқан. Сол диспансер жанында аумағы ат шаптырымдай жер бар. Бірнеше жыл бұрын аталған жерге қаз-қатар ағаш егілген. Өзге ағаштар бүршік атып жатқанда, мұндағы талдарда ешқандай өзгеріс жоқ. Көбі қурап кеткен. Тіпті, егілген ағаштардың кей тұстары ашық алаңқайға айналған. Бұл арадағы билбордта «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» деген жазу тұр. Демек, әлгі ағаштарды аталған мекеме еккен.
Тіршілік нышанын байқатпаған ағаштарға қылтиып жапырақ шығарына сенейік. Бірақ, егілген ағаштардың бірнеше жыл бойы қараусыз қалғаны көрініп тұр. Кейбір ағаштарды біреулер балталап шауып әкеткен. Мұнда ең болмаса көктемгі дайындық жұмыстары жүргізілмепті. Ағаштарға су келетін арық-атыз да, құбыр да жоқ. Жоғарыда аталған билбордта «Ормансыз жер бетінде өмір сүруді елестету қорқынышты» деп жазып қойған. Ақыры осылай жазған екен, ендеше миллиондаған қаржы жұмсалып егілген ағаштардың қурауына не үшін жол берген?

Сабыржан БАЙБОСЫНОВ
Журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *