ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АХУАЛЫ

Қазақстанның бірнеше өңірлерінде су тасқыны орын алған. Атап айтар болсақ, Ақтөбе облысындағы Әйтеке би, Байғанин, Мұғалжар және Темір аудандарында су тасқыны тіркелген. Кей тұстарда елді мекендерде су көтерілсе, кей жерлерде асфальт жолдарға қауіп төндірген.
Ал Қостанай облысындағы Амангелді ауданының орталығындағы ахуал ауыр. Ондағы су телегей теңіз секілді көтеріліп, үйлердің жоғарғы бөлігіне дейін жеткен.
Сол өңірдің тумасы Рәш Сұлтан бізге аудан орталығынан бөлек, бірнеше ауылға су кіргенін хабарлады.
Сонымен бірге, Ұлытау облысындағы Жезді кентінде 10 үй астында қалып, 26 отбасы өзге жаққа көшірілген. Қазіргі таңда, ол жерде жергілікті органдардың — 15, полиция органның — 30, төтенше жағдайдың 50 қызметкері қызмет жасауда.
Ал Шымкент қаласында Қайнар бұлақ тұрғын алабы мен Сәуле шағын аудандарында кейбір көшелерді су басқан. Десек те, тиісті орындар тарапынан су сорғылар жеткізіліп, қажетті жұмыстар атқарылуда.
Сабыржан БАЙБОСЫНОВ
Журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *