Сарыағаш ауданында іссапарда болған Департамент басшысы Ө. Балажанов ауданның мемлекеттік қызметшілеріне Агенттік пен оның аумақтық бөлімшелерінің негізгі қызмет бағыттарын түсіндіріп, мемлекеттік қызметтің облыстағы бүгінгі жай-күйі туралы ақпаратпен бөлісті.
Сөз арасында кейбір салалық мемлекеттік органдарда (медицина байланысты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, Медициналық және фармацевтикалық бақылау, Денсаулық сақтау салаларында және есепші мамандықтар) қажетті мамандардың тапшылығы бар екенінде атап өтті.
Кездесуде Департамент басшысы мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі ашықтық, осы бойынша Президенттің тапсырмасына сәйкес Агенттік мемлекеттік қызметке кіру және одан шығуды оңтайландыру бойынша мемлекеттік қызмет заңнамаларына өзгерістер енгізуге қатысты бірқатар шаралар қабылдағанын айтты.
Солардың бірі, мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа тәсілі «е-қызмет» жүйесі арқылы жүзеге асырылатыны, ондағы кандидаттарды іріктеу жүргізудің ерекшеліктері, жоғарғы оқу орындарын үздік бітірген түлектердің мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз қабылдануы.
Департамент басшысы мемлекеттік қызметшілер көпшілік алдында сөйлеу кезінде Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және осы кодекске сәйкес діни көзқарасын білдірмеу керектігін, Әдеп жөніндегі уәкіл институты тиісінше жұмыстарды үнемі жүргізіп отыру қажеттігіне де тоқталды.
Бұдан басқа, кездесуде мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау, олардың жұмыстары бойынша блоктарға бөлу, мемлекеттік қызметшілерді ауысу тәртібімен тағайындау сияқты бірқатар мемлекеттік қызмет саласын реттейтін заңнамалардың нормаларынан түсіндірмелер берілді.
Кездесу соңында Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Н.Амандық 2024-2025 оқу жылына қабылдау жүріп жатқан Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы мүмкіндіктерді тиімді пайдалу бойынша ақпараттармен бөлісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *