ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ТҰРҒЫНДАРДЫҢ СҰРАНЫСЫМЕН ЖИДЕЛІДЕ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ МЕН МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Келес ауданы, Жиделі елді мекенінде жаңа мектеп пен мәдениет үйі бой көтермек. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың Ошақты ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде айтылды.
Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселе шешімін тауып келеді. Осыған дейін аудан әкімі Ошақты ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде нақты бес мәселе қозғалып, бүгінде толықтай орындалған. Солардың бірі жуырда құрылысы басталатын Жиделі ауылындағы мектеп пен мәдениет үйі болып отыр.

Бүгінде Жиделіліктердің сұранысына орай, елді мекеннен 75 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды. Сонымен бірге аталған ауылға 300 орындық мектеп құрылысына бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме анықталған соң, құрылыс жұмыстары басталатын болады. Айта кетейік аудан басшысы аталған ауыл тұрғындарымен кезекті үшінші кездесуін өткізген. Ал өткен кездесуде айтылған талап тілектер бойынша жасалып жатқан жұмыстардың легіне тоқталып, алдағы жоспарлар баяндалды.

— Өткен кездесулерде маңызды тоғыз мәселе қозғалған болатын. Соның бесеуі шешімін тапса, қалған түйіткілдерді шешу үшін арнайы іс шара жоспары жасалды. Бүгінде Сарыжылға және Береке елді мекендеріндегі ішкі көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізілді. Сонымен қатар Ошақты ауылдық округіндегі “Жиделі”, “Тешебай”, “Қараман”, “Қуандық”, “Сабыр”, “Балтакөл”, “Ердәуіт”, “Көтерме” каналдары «Тұран су» МКК тарапынан механикалық әдіспен тазалау жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталды, — деді аудан әкімі.
Алдағы уақытта Ошақты ауылдық округіндегі ішкі көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Атап айтқанда Жетітөбе елді мекеніндегі Ғ.Мүсірепов және Т.Бердияров көшелері (ұзындығы 3,2 шақырым), Еңбек елді мекеніндегі Ә.Жангелдин және Қ.Сәтбаев көшелері (ұзындығы 2,8 шақырым), Саңырау елді мекеніндегі Құрманғазы, Т.Айбергенов және Ш.Қалдаяқов көшелері (ұзындығы 2,2 шақырым), С.Саттаров елді мекеніндегі С.Сейфуллин көшесілеріне (ұзындығы 700 м) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Қазіргі таңда жобаға кететін қаржыны қарауға облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсыныс берілген.

Айта өтсек Ошақты ауылдық округіндегі Атақоныс, Жиделі, Еңбек елді мекендерінде ФАП салуға арнайы жер анықталып, техникалық шарттар алынған. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленіп, облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсынылды. Ал Ошақты ауылдық округіндегі Жиделі, Атақоныс, С.Саттаров, Қаратал, Бақышсай, Ынталы елді мекендерін табиғи газбен қамту шаралары қолға алынған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *