ТҮРКІСТАН: 37 ПӘТЕР КЕРІ ҚАЙТАРЫЛЫП, 40 АЗАМАТҚА ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

Түркістан облысында баспана мәселесін шешу облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауында. Қзаіргі таңда облыс орталығының инфрақұрылымы айтарлықтай дамып келеді. Бұл ретте Түркістан қаласы әкімдігінің атқарып жатқан жұмыстары маңызды.

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен жиында қалалық Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Үсенбаев атқарылған жұмыстар туралы баяндамасында 37 пәтер кері қайтарылып, 40 азаматқа ескерту берілгенін жеткізді. 47 көпқабатты коммуналдық меншіктегі әлеуметтік баспаналарды жалдаушы азаматтардың нақты тұрып жатқандығын, пәтерді жалға берушілерді анықтау және пәтерді жалдау ақысының қаржыларын түсіру мақсатында арнайы жұмысшы топ түгендеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесі бойынша есеп берді.

Түгендеу жұмыстары барысында, пәтерлердің бұрынғы жалдаушылары қайтыс болған, басқа мекенжайға қоңыс аударған және тұрғын шаршы алаңын кеңейту бойынша келесі пәтер алғандар есебінен 37 бос пәтер анықталды. Кері қайтарылған пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған, кезегі келген, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға қыркүйек-қазан айларында кезек реттілігімен үлестіріледі. Сонымен қатар мұқтаждық бойынша кезекпен алынған пәтерлерді жалға беру деректері анықталып, 40 азаматқа ескерту берілді.

Қала басшысы тұрғын үй қатынастарында заң бұзушылыққа жол берілмеуін қатаң ескертті. Заң аясында тиісті шараларды қабылдап, түгендеу жұмыстарын тұрақты жалғастыруды тапсырды. Айта кетейік, Түркістан қаласы бойынша бірнеше санат бойынша 15864 адам үй кезегінде тұр. Жыл соңына дейін 600-ден аса пәтер беру жоспарланған.

Еске салсақ, Президент «Мемлекеттің басты құндылығы – адам». Бұл еліміздің ұстанатын негізгі қағидаты. Осы мақсатта жағдайы төмен, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, мүгедек балаларды бағып отырған, т.б. отбасыларға қолдау көрсету мәселесі – мемлекеттің тікелей назарында. Сол сияқты ең төменгі жалақы уақыт өткен сайын артып келеді. Бала санына қарай әлеуметтік төлемақы да төленіп отырады. Бұдан бөлек жергілікті әкімдіктердің ұйымдастыруымен, жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларға азық-түлік, киім-кешек түрінде көмек көрсетіліп жатқаны БАҚ беттерінде ара-тұра жарияланып тұрады. Сол сияқты осы санаттағы отбасылардың баспаналы болу мәселесі мен жұмыссыздық Үкіметтің ғана емес тікелей Мемлекет басшысының назарында тұр. Баспананың қолжетімді болуына жағдай жасауы – еліміздің одан әрі гүлденуіне жасалған оң қадамдардың бірі екені сөзсіз. Дегенмен әлі де атқарылар шаруа шаш етектен.»,- деген болатын Жолдауында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *