ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерінің алдын алу мақсатында Түркістан облысының аудан-қалаларындағы білім беру ұйымдарында семинар өтті. Алдымен Түркістан мен Кентау қаласында және Сауран ауданында ұйымдастырылды. Содан соң Арыс қаласы мен Ордабасы, Отырар ауданында барлық білім беру ұйымдарымен «Адалдық құндылықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлықты дәріптеу тақырыбында» өткізілді.
Аталған семинарға Түркістан облысы әкімі аппаратының қоғамдық-саяси сала мониторингі бөлімінің басшысы Самат Расұл, Құқықтық актілерді сараптау және заңдылықты қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Әлжан Сапарбеков, Түркістан облысының білім басқармасының орталықтандырылған бухгалтерия заңгері Гүлмарал Сейіт, «Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің жетекшісі Нұржахан Абуова қатысты. Сондай-ақ бөлім әдіскерлері, мектеп басшылары және педагогтер бой көрсетті.

Семинар барысында Сауран ауданының білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова, Кентау қаласы білім бөлімінің басшысы Әділ Арысбайұлы мен Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразгүл Қолдасова, Арыс қаласының білім бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков, Ордабасы ауданы білім бөлімінің басшысы Шұға Нұрабаева мен Отырар ауданы білім бөлімінің басшысы Жанат Мұсатаева «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында баяндама жасады.
Семинардың соңында білім беру ұйымдарының басшыларына сұрақтар қойылып, білім саласындағы мәселелер кеңінен талқыланды.

Президент бұл саладағы сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу маңызды екенін және процестерді цифрландыру қажеттігін ерекше атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 6 айда 130 нысанға талдау және мониторинг жүргізілгені, жемқорлықты жоюға қатысты 1000-нан астам ұсыныс енгізілгені туралы мәлімет берілді.

Кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдарды жою үшін «Бизнеске жол» жобасын жүзеге асыру ісі жалғасады. Бұл бастама қолға алынған сәттен бері 21 мың бизнес субъектісіне көмек көрсетілді, 400-ден астам түйткілді кейс шешімін тапты.

Бұдан бөлек, Асхат Жұмағали Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыбайлас жемқорлыққа қатысты бірқатар заң бұзушылықтың, соның ішінде олигополия өкілдері жасаған заңсыз әрекеттердің жолын кесу, сондай-ақ келтірілген шығындарды өтеу және активтерді қайтару шаралары туралы баяндады.

Жыл басынан бері елімізде 1000-ға жуық сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркелді, 700-ден астам адам әшкереленді, оның 98-і түрлі деңгейдегі басшылар.

Сотқа дейінгі аяқталған тергеу амалдарының нәтижесі бойынша 232,6 миллиард теңге өтелді.

Жалпы, 1,5 жылда бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне шамамен 860 миллиард теңге көлемінде мүліктік активтер мен ақшалай қаражат қайтарылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыстарды жалғастыруды, әсіресе әлеуметтік маңызы бар салаларға баса мән беруді тапсырды. Сондай-ақ алдын алу шараларының аса маңызды екенін айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *