ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА «АУЫЛ — ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 28 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

Келес ауданына қарасты елді мекендердің ішкі көшелеріне 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 34 шақырымды құрайтын 28 ішкі көшеге асфальт төсеу жұмыстары жоспарланған.
Оның ішінде, 7 көшеге мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Ақтөбе ауылдық округі Бозсу елді мекенінің Жаңағасыр-1, Жаңағасыр-2, Жаңалық, Денсаулық көшелеріне, Алпамыс батыр ауылдық округі Қауыншы елді мекенінің Т.Тәжібаев көшесіне, Қошқарата ауылдық округі Бәйтерек елді мекенінің Алтыбаев, Жеңіс көшелеріне жол жөндеу жұмыстары басталды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын бақылау мақсатында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Жеңіс көшесіне барып, мердігерлермен кездесті. Аудан басшысы жауапты мекеме басшыларына жолдың сапасына басымдық беріп, жұмысты уақытында аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, Абай ауылының 8 көшесіне және Алпамыс батыр ауылдық округінің орталығы Ақжол ауылындағы 12 көшеге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, мердігер мекемелер анықталды. Қазіргі таңда келісім шартқа тұру жұмыстары жүргізілуде. Аталған көшелердегі жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Президент ауылды гүлденту мәселе­леріне президенттік алғашқы мерзімінен бері ерекше назар аударып келеді. 2025 жылға дейін елімізде 5,5 млн-нан астам адам тұратын 1,8 мыңауылдық елді мекен жаңғыртылатын болады. Бұл ретте, «Ауыл – Ел бесігі» жобасыніске асыру тетіктері келесі шараларды қамтиды. Бірінші кезекте тірек ауылдықелді мекендер іріктелді, бұл ретте олардың даму әлеуетіне және қазіргіэкономикалық жағдайына талдау жасау негізінде, осы ауылдарда іске асырылатынжобалар қоса қамтылатын болады. Екіншіден, әрбір жоба және елді мекен бойыншакөзделген мақсатқа жету жөніндегі, өңірлік стандарттарға сай келетін Жолкартасын жасау қолға алынды. Үшінші кезекте, Жобаларды іске асыру және бақылаумүдделі мемлекеттік органдарды және «Nur Otan» партиясын тарта отырып жүзегеасырылатын болады. Сондай-ақ жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі туралытұрғындарға тұрақты түрде ақпарат беріліп отырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *