ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ МҮГЕДЕКТІГІ БАР 53 БАЛА ОҢАЛТУ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде халықты әлеуметтік қорғау бірнеше бағытта атқарылып келеді. Нақтырақ айтар болсақ, еңбек қатынастарын үйлестіру, аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау, мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер мен техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету жолға қойылған.

Көрсеткіштерге сәйкес, жыл басынан бері 3146 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Оның ішінде 2263 отбасы көмекті шартты түрде алса, 883 отбасыға шартсыз атаулы көмек үлестірілген.

Одан бөлек, мүгедектігі бар адамдарға да әлеуметтік қолдау жүйелі көрсетілуде. Атап айтқанда, 4279 адам оңалтудың жеке бағдарламасымен қамтылды. Бұл биылғы жоспардың 80,4 пайызын құрайды.

Оңалтудың жеке бағдарламасымен қамтуда 5326 адам өтініш білдіріп, оның 4279-ы қамтамасыз етілді. Сондай-ақ үйде әлеуметтік көмек көрсету бағытындағы жасалған жұмыстар да жетерлік. Көрсеткіштерге сәйкес, жыл басынан бері жартылай стационар жағдайында оңалту бағдарламасы бойынша 53 мүгедектігі бар бала кешенді қызметтермен қамтылды.

Президент көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар секілді әлеуметтік санаттағы топ өкілдерімен проактивті жұмыс істеу, сондай-ақ заңнама аясында олардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуына қатаң бақылау жүргізу қажеттігін айтты.

Президент мүгедектігі бар адамдардың мәселесін шешуге айрықша назар аударып, осы санатқа жататын отандастарымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін заңнамалық және институттық базаны жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ ұсынылған тәсілдерді тиімді жүзеге асыру үшін Уәкілдің мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі маңызды екенін атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *