БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ КӨКТЕРЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін түстен кейін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Көктерек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Округке қарасты 3 елді мекеннің тұрғындары Кеңестөбе ауылындағы мәдениет үйінде аудан әкімінің ағымдағы жылы 8 айында атқарылған жұмыстары мен алда тұрғын міндеттері туралы баяндамасымен танысты.
Жалпы биылғы жылы аудан әкімі Көктеректік тұрғындармен екі рет кездесу өткізген болатын. Кездесу барысында бірқатар маңызды мәселелер көтеріліп, шешу бойынша өтініштер білдірген.

Тұрғындардың өтініші бойынша Кеңестөбе елді мекеніндегі Қостөбе, Бекжігітұлы, Қапалбаев көшелеріне аудандық бюджеттен қаржы қаралып жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бірлік елді мекеніндегі мектепке баратын жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жол салу мәселесі бойынша Бірлік-Ақтас тас жолының бойынан 1 шақырымға аяқ жол салуға аудандық бюджеттен қаржы қаралып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде.
Кеңестөбе елді мекеніндегі Қостөбе көшесінің бойындағы тұрғын үйлердің ауласындағы электр бағаналары қыркүйек-қазан айларында жол бойына ауыстыру жоспарлануда. Аталған елді мекеніндегі Сасық өзенінің арнасын көтеру мәселесі бойынша қазіргі таңда ақау АКТ түзіліп, қажетті жұмыс көлемі нақтылануда. Зерделеу нәтижесімен жоба әзірленетін болады.

Округ орталығы арқылы өтетін облыстық маңызы бар жолдың бойына жол кедергісін орнатып беруге Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сұраныс хат жолданды.
Республикалық бюджеттен Кеңестөбе елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бірлік елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. Сонымен қатар Кеңестөбе елді мекеннің ауыз су жүйесін қайта құру жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілу үстінде.
Аудан әкімінің бүгінгі Көктерек ауылдық округі тұрғындарымен өткен есепте кездесуінде бірқатар өтініштер мен ұсыныс-пікірлер айтылды. Айтылған ұсыныс-пікірлер назарға алынып, қойылған бірқатар сұрақтарға жауаптар берілді.

Жиында аудан әкімі көтерілген мәселелерді шешу бойынша арнайы іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.
Көктерек ауылдық округі тұрғындарымен өткен бүгінгі жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Асқар Кенехан, аудан әкімінің аппарат басшысы, бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *