БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ БОРАЛДАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудан әкімінің Боралдай ауылдық округі тұрғындарымен есепті кездесуі Амансай ауылында өтті.
Аудан әкімі биылғы жылы өткен екі кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалуы тоқталып, 8 айда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды баяндады.

Тайманов елді мекенінің ауыз суының қайта құру жұмыстарының жобасын әзірлеуге бастапқы қаржысы қаралып, 2024 жылы жоба дайындалып болғаннан кейін құрылысына қаржы қарастырылатын болады. Жоғарғы Боралдай елді мекеніне 50 кубтық ауыз су мұнарасы орнатылды. Осы айдың соңына дейін орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосып пайдалануға беріледі. О.Тайманов елді мекеніндегі беккери шұңқырын жасалып берілді. Тайманов мектебінің жылуын қалпына келтіру мәселесі бойынша қажетті қаржысы қаралып жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Боралдай елді мекеніндегі екі қабатты тұрғын үйді кезекте тұрған азаматтарға беру үшін заңға сәйкес құжаттары рәсімделіп, жақын күнде пайдалануға берілетін болады. Боралдай ауылдық округіне қарасты барлық елді мекендерде электр жарығының жиі сөнуі бойынша Боралдай елді мекендерінің талдары кесілді. Қалған ауылдарда жұмыстар жүргізілуде. Көше бойындағы электр бағаналарына кедергі келтіретін ағаштарды кесу бойынша аудандық «Электр жүйесімен» бірлесе кесте бекітілді. Осы айдың соңына дейін жұмыстар аяқталады.

Сондай-ақ, округтегі Талап, Түйетас, Амансай, Сарыбұлақ елді мекендерінде табиғи газдың құрылысы жүргізілуде. Жыл соңымен аталған жұмыстарды аяқтап, газға қосу жоспарлануда. «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында Тайманов, Ж.Боралдай, Теректі елді мекендеріне қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыланды елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылған. Қаратас елді мекеніне жеткізуші және ішкі газ тораптарының құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Боралдай елді мекеніндегі ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстарын қаржыландыруға өтінімі ұсынылуда.

Бұл туралы аудан әкімі Боралдай ауылдық округі тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.
Есепті кездесуде Боралдайлық тұрғындар аудан әкіміне бірқатар өтініштер мен ұсыныс-пікірлерін айтты. Айтылған ұсыныс-пікірлер назарға алынып, қойылған бірқатар сұрақтарға жауаптар берілді.

Жиында аудан әкімі көтерілген мәселелерді шешу бойынша арнайы іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Боралдай ауылдық округі тұрғындарымен өткен бүгінгі жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Асқар Кенехан, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *