БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ ШАЯН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков жастар сарайында Шаян ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Аудан әкімі алдымен биылғы жылы орталықтағы тұрғындармен өткен екі кездесуде көтерілген мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен бөлісті. Атап айтқанда Шаян ауылының ішіндегі 14 көшеге асфальт төсеу жұмыстар жүргізілуде. Ортақ жайылымдық жерін кеңейту бойынша Шаян ауылының айналасында жайылымдық жерлер болмауына байланысты округ тұрғындарына малды жаз айларында Алғабас ауыл округінің шалғайдағы жайылымдарына жаю ұсынылып, келісілген. Әлжанов көшесінде жол құрылысы жүргізіліп жатқан тұрғын үйлердің маңына ағын су өтетін өткел қойылған.

Жиында Ержігіт Шәріпбеков ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар жобаларды баяндады. Аудан орталығында атқарылып жатқан және алдағы жоспарлы жұмыстарға тоқталды.

Шаян елді мекеніндегі 100 мың кітап қорына арналған орталық кітапхана құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. М.Әуезов көшесіндегі көп қабатты 3 тұрғын үйдің қас-келбетін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Шаян ауылынан 170 гектар (1160 учаске) жер теліміне инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым жүйесінің жобалық сметалық құжаттамалары әзірленуде. Орталықтағы ауыз су жүйесін қайта құру жұмыстары қазан айында пайдалануға беріліп, нәтижесімен 2100 абонент сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Ағымдағы жылы 14 көшеге басталған орташа жөндеу жұмыстары жыл соңымен толық пайдалануға беріледі. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде Шаян ауылынан 300 орындық жаңадан 1 мектептің құрылысы басталды. Шаян елді мекеніндегі 20 коммуналдық тұрғын үйлерді және 55 гектардағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылған. Бұл жөнінде аудан әкімі Шаяндық тұрғындармен кездесуінде мәлімдеді.

Жиында аудан әкімі ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында «АУЫЛ АМАНАТЫ» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқандығын айтып өтті. Бағдарламаның аясында несиелендіру 6 БАҒЫТТА жүзеге асырылып, өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары және кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар. Бағдарлама аудандағы Алғабас, Ақбастау, Көктерек, Борлысай ауылдық округтерінде іске асырылуда. Бүгінгі күнге, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауданда 67 жоба қаржыландырылған. Несие алған тұрғындар өз кәсібін ашып жақсы нәтиже көрсетілсе алдағы жылдары барлық ауылдық округтер қамтылатын болады. Ержігіт Шәріпбеков Шаяндық тұрғындарды аталған бағдарламаға белсене қатысуға шақырды.
— Құрметті жерлестер, өздеріңіз көріп отырғандай, ауданымыз даму үстінде. Барлық көтерілген мәселелер кезең кезеңімен өз шешімін табуда. Алда әлі де атқарылатын жұмыс көп. Сіздердің қолдауларыңыз маңызды. Сондықтан бірлесіп, ауданды дамыту жолында аянбай еңбек етуге шақырамын, — деп түйіндеді сөзін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков.

Есепті баяндамадан кейін Ержігіт Шәріпбекұлы Шаяндық тұрғындардың қойған сұрақтары мен ұсыныс-пікірлеріне жауап берді. Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдап, мерзімінде орындау жөнінде бірқатар мекеме басшыларына тапсырма жүктеді.

Шаян ауылдық округі тұрғындарымен өткен бүгінгі жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Асқар Кенехан, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *