ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРЛЫҚ ЖАС КІТАПХАНАШЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Түркістанда «Түркістанның таңдаулы кітапханашысы – 2023» облыстық жас кітапханашылар байқауы өтті. «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткен байқау қоғамдағы кітапханашы мәртебесіне ерекше назар аудара отырып, кітапханашылардың заман талабына сай болуына, іскерлік қабілеттерін дамытуға ықпал етіп, жас мамандардың таңдаған мамандығы туралы ойын бір жүйеге келтіріп, өнімді әрі сапалы жұмыс істеуіне көмектесуді мақсат еткен. Аудан-қалалардан 15 қатысушы қатысып, 3 кезең бойынша сайысқа түсті.

Аталған сайыста облыстық мәдениет және туризм басқармасының бас маманы Нұрдәулет Сұлтанбек , Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова, «Фараб» кітапханасының бөлім меңгерушісі Дана Байдәулетова төрелік жасады.

Байқау нәтежиесі бойынша «Жас библио – көшбасшы – 2023» номинациясын Созақ ауданынан келген Жұмабаева Балнұр, «Креативті, талантты тұлға» Кентау қаласының кітапханашысы Жұмабекова Толғанай иеленді. Жүлделі ІІІ орынды Қазығұрт ауданының жас маманы Айтубаева Мөлдір иеленсе, ІІ орынды сарыағаштық маман Ергешова Ақмарал алды. Төлебилік Турдиева Балгерім І орын иегері атанса, бас жүлдені Отырар ауданының кітапханашысы Жанпейсова Шолпан қанжығасына байлады. Қатысушыларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Жылжымалы кітап пункті екі бөлімнен тұрады. Бірінші бағыт «Ашық қор» деп аталады. Ал соның жанындағы «Негізгі қор» бөлмесінде оқырманның кітап оқуы үшін оқу жағдай жасалған. Сондай-ақ кітапханаға келушілер үшін ақылы негізде сусын мен ішетін орын да қарастырылған. «Ашық әкімдік» кеңсесінің ішінен ашылған кітап сөресінде қазіргі таңда 1000-ға жуық кітап қоры жасақталды. Оның ішінде әр түрлі бағытта, атап айтқанда мотивациялық, көркем әдебиет, психологиялық, тарих, дінтану тақырыбындағы кітаптар және мерзімді басылымдар бар. Жергілікті шебер Жанболат Сүйімбайдың қолынан шыққан, ешкінің терісінен жасалған бұйымда Абайдың «Қара сөздері» жазылған.

Сондай-ақ кітапхана қызметкерлері пергамент қағазынан әзірлеген «Диуани хикметтің» көшірмесі ұсынылған. Көне Күлтегін жазбасының да үлгісін осы жерден көруге болады. Қауырсын үлгісіндегі кітап стеллажы да көз тартады. Сонымен қатар оқырман сұранысына қарай қажетті кітаптарды облыстық кітапханадан қысқа мерзімде жеткізу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл туралы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова баяндады.

Жалпы облыстағы 396 кітапханаға биыл жыл басынан бері 40 мыңға жуық кітап алынған. Әлі де қажетті кітаптармен толықтыру жоспарлануда. Аталған жоба мақсаты билік пен халық арасындағы байланысқа руханият арқылы дәнекер болу, халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кітапхана қорындағы кітаптарға қолжетімділігін арттыру болып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *