БӘЙДІБЕК АУДАНЫ: ЕРЖІГІТ ШӘРІПБЕКОВ АҒЫБЕТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбековтің қыркүйек айында ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесуі бүгін Ағыбет ауылынан басталды.
Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбековтің ағымдағы жылы Ағыбет ауылдық округі тұрғындарымен 2 есепті кездесу өтіп, округтің маңызды 8 мәселесі көтерілген болатын.

Көтерілген мәселелерді шешу бойынша арнайы іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Жаңаталап елді мекенінің маңындағы қораға баратын электр желісіне ажыратқыш құрылғы орнатылды. Алғабас елді мекеніндегі Қожабек бұлағы өтетін 2 көшедегі өткелдер демеушілер есебінен кеңейтілді. Ағыбет елді мекеніндегі ескі ауыз су мұнарасы болған жерді бау-бақша айналдыру бойынша жер телімі заң аясында шешімін тауып, рәсімделіп берілді. Ағыбет елді мекеніндегі ауыз су жүйесіне қайта құру жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу үшін бастапқы қаржысы қаралып, жұмыстар жүргізілуде.

Ағыбет елді мекеніндегі Молдағұлова көшесінің электр жарығының қуаттылығын арттыру, Жұлдыз елді мекенінен электр желісі тартылған 6 үйдің электр желісін Алғабас елді мекеніне ауыстыру мәселелері айтылған болатын. Бұл бойынша аудан аумағындағы өздігінен электр желісін жүргізген 28 елді мекендегі 53 көше бойларында орналасқан 1445 тұрғын үйлерді сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етуге жобалау сметалық құжаттамасы әзірленіп, облыстық бюджетке қаржыландыруға ұсынылған. Аталған екі мәселе осы жобада қамтылған.

Талдыбұлақ көшесіне (6 үй, 1.2 км) көше жарығын орнату жұмыстарына 2024 жылы қаржы көздерін қарастыруға бюджеттік өтінімі ұсынылуда. Жаңаталап елді мекенінен талапқа сай беккери шұңқырын жасау үшін материалдары дайын екендігін, тиісті мекемеден техника бөлініп жерін қазу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы аудан әкімі Ағыбет ауылдық округі тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.

Жиында Ержігіт Шәріпбеков ағымдағы жылдың 8 айында ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен қатар, алдағы жоспарларды баяндады.

Баяндамадан кейін аудан әкімі тұрғындардың қойған сұрақтары мен ұсыныс-пікірлеріне жауап берді.
— Жиында Ержігіт Шәріпбеков барлық көтерілген мәселелер кезең кезеңімен өз шешімін табуда. Кейбіреулері уақыт пен қаржыны талап етеді, бірақ міндетті түрде шешілетін болады, — деді. Ағыбет ауылдық округі тұрғындарымен өткен бүгінгі жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Асқар Кенехан, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, барлық бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *