ОРДАБАСЫ: ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Аудан әкімі Азат Оралбаев ауылдарда құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралап, жұмыс барысындағы олқылықтарды атап өтті.

Әуелі аудан басшысы «Самал» мөлтек ауданындағы газдандыру жұмыстары, «Темірлан» спорт кешені, жаңадан салынған тұрғын үйлердің құрылыс алаңында болып, аудандық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне аталған жобалардағы жұмыс кестесінің уақытылы жүргізілуін, құрылыс сапасын қатаң қадағалуға алуды тапсырды.
Мұнан соң аудан әкімі республикалық бюджетен құрылысы жүргізіліп жатқан Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт кешенінде болып, мердігерлерге қосымша жұмыс күшін жұмылдырып, бірегей жобаны ерте ел игілігіне беру керектігін ескертті.

Азат Әбдіғалиұлы аудандағы газдандыру жұмыстарын күн тәртібенен түсірмей Батыр ата, Ынталы ауылдарында құбыр тарту жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме жауаптыларымен кездесті.

Мерзімінен кешеуілдеп жатқан газдандыру жұмыстарын сынға алған аудан басшысы құрылыс жауаптысы мен қадағалушысына қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерін сақтамағаны үшін айыппұл салынсын деді. Әрі кемшіліктер тез арада ретке келтіріліп, ауыл тұрғындары қазан айында табиғи газға қол жеткізу керек деді.
Естеріңізге салар болсақ, соңғы жылдары Шұбарсу ауылында инженерлік-инфрақұрылым жүргізу жұмыстары қарқын алуда. Кезең-кезеңімен басталған жобалар аудан әкімінің жіті қадағалауында.

Аудан әкімі шұбарсуға сапары барысында ауылдың кіре берісіндегі ретсіз сауданың алдын алу, ауылдың кіре берісіндегі паспортын заман талабына сай салу мәселесін талқылады.

Ауыл әкімі мен салалық бөлімдерге осы тұрғыда тиісті эскиздік жоба әзірлеп, жұмыс жүргізу қажеттігіне тоқталды.
Сондай-ақ, «Көлсай», «Дәнекер» ауыз су құрылысының алаңын аралаған аудан басшысы жұмысы мерзімінен кешеуілдеп жатқан мердігер мекемелердің жұмысын сынға алып, тиісті айыппұл салуды айтты.
Аудан әкімі «Шұбрсу ІІ» тұрғын алабына барып, ішік орамдық көшелерге тас төсеу бойынша ауыл әкімінің жобаларын тыңдады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *