ОРДАБАСЫ: ТЕМІРЛАННАН ОРДАБАСЫ ТАУЫНА ДЕЙІН ВЕЛОМАРАФОН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан орталығы Темірланда «Денсаулық фестивалі» мерекесіне орай мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары арасында веломарафон жарысы өтті.

Орталық алаңынан бастау алған марафонға аудан әкімі Азат Оралбаев қатысып, бұқаралық спортты дамытуға арналған шараға сәттілік тіледі.

«Өздеріңізге мәлім, бұқаралық спорт – ұрпақ саулығының кепілі, ұлт денсаулығын сақтау жолындағы амалдардың бірі. Мемлекетіміз әр азаматты салауатты өмір салтын ұстануға жол көрсетіп қана қоймай, соған барынша жағдай жасап келеді.

Бүгінгі спорттық шара осы бағыттағы жұмыстардың көрнісі деп білеміз.
Естеріңізге салар болсақ, ауданымызда тұрғындар арасында велоспортты дамыту мақсатында жыл сайын велошерулер мен марафондар ұйымдастырылып келеді.

Мінекей, аудан тұрғындары осы жылы да руханиятқа, мәдениетке, бұқаралық спортқа деген құрметі мен ыстық ықыласын, осынау велошеру арқылы көрсеткелі отыр», деді аудан әкімі өз құттықтауында.
Бүгінгі сайысқа 18-35 жас аралығындағы қызметкерлер мен белсенділерді қамтыған 100-ге тарта велошабандоз қатысты.

Орталық алаңнан бастау алған марафонның соңғы нүктесі «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығында қойылды.
Сайыс қорытындысымен 18 жас аралығында бірінші болып Бағжан Орынбеков топ жарса, екінші орынды Елжан Оспанов, ал, жүлделі үшінші орынды Пайыз Жәмәділ жеңіп алды.
35 жас аралығында чемпиондықты Мұхаммедәлі Сағынтай, күміс жүлдені Нұрбол Батырбеков қанжығасына байласа, Қанат Адильханов қола жүлдені иеленді.

Жарыс бқатысушылары Сүйіндік Сәттібек, Ислам Айғаным, Әбдіғаппар Алтынай, Күрішбеков Руслан белсенді қатысушы атанды. «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығына 30 жыл толауына орай ұйымдастырылған спорттық веломарафон жеңімпаздарын аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы арнайы Алғыс хат пен мерейтойлық медалдармен марапаттады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *