ОРДАБАСЫ: ҚАРАҚҰМДАҒЫ «ҚҰРМАНБЕК» КАНАЛЫНА ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Қарақұм ауыл округінің тұрғындарымен кездесуде аудан әкімі Азат Оралбаев осылай деп мәлімдеді.
Бүгінгі таңда Қарақұм ауыл округіндегі 2 149 гектар суармалы жерлерді «Р-7» және «Құрманбек» каналдары ағын сумен қамтамасыз етіп отыр. Алайда аталған каналдар ұзақ уақыт жөндеу көрмегендіктен шаруалардың егістігіне қажетті су өз деңгейінде арық, атыздарда жетпей келген.

Қарақұмдықтардың осы өтінішін ескерген аудан басшысы облыстық «Тұран су» ШЖҚ МКК теңгеріміндегі 2 каналды күрделі жөндеуден өткізу бойынша осы жылы ЖСҚ әзірлеп, жобаға сәйкес күрделі жөндеу жұмыстары 2024-2027 жылдары жүргізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, алдағы қазан-қараша айларында «Құрманбек» каналының 4 шақырым арнасын механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Аудан әкімі өз баяндамасында осы 7 айында Қарақұм ауыл округіне 99,0 млн. тг. жеке инвестиция тартылып орындалуы 57,6 пайызды құрады дей келе, биыл ауылда кірістердің жылдық жоспары 41 млн. 445 мың теңгеге жетсе, 8 айда округ бойынша жоспарланған бюджет кірістері 103 пайызға орындалды. Оның ішінде өзіндік кірістердің жылдық жоспары 5 млн. 728 мың теңге болса, 8 айда округ бойынша жоспарланған бюджет кірістері 110 пайызға орындалды деп айтып өтті.

Азат Әбдіғалиұлы аталған ауылдың инженерлік-инфрақұрылым саласында, оның ішінде табиғи газбен қамту көрсеткішіне ерекше назар аударып, алдағы айларда ауыл көгілдір отынға қосылады деді. Қазіргі таңда, газ өткізгіш құбырының 20,8 шақырымы тартылып, 355 дана ШРП орнатылған.

Ауылдың Шығыс және Батыс бағытындағы жаңа құрылыс аумағында орналасқан 9 көшені сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында мердігер анықталып келісім шарт түзілуде. Жоба жүзеге асқан жағдайда жалпы 4,2 шақырымға электр желілері мен бағаналар орнатылады.
Биыл автомобиль жолдары бойынша 3 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізіледі деген аудан әкімі Қарақұм ауылы жаңа құрылыс аумағына тас төсеу, полигонға баратын жолға тас төсеу бойынша МСА рәсімдері жүргізілуде. М.Ауезов көшесіне орташа жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталып, пайдалануға берілмек.
Қуантарлығы, Қарақұм елді мекені сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Бұл бағыттағы жұмыстарды «Таза су» мекемесі жүргізуде.
Аудан әкімі Азат Оралбаев өз баяндамасында ауылдағы жайылымдық жерлердің жалпы жағдайы туралы мәлімет берді.
Нақтырақ айтар болсақ, округтегі жайылымдық жер ауданы 1 092 гектарды құрайды. Оның ішінде 233 гектары елді мекендердің ортақ жайылымдық жерлері ретінде 2019-2022 жылдары бекітіліп берілген.

2023 жылы мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы аудан әкімдігінің Қаулысы бойынша жалпы ауданы 153,6 гектар жайылымдық жерлер аудандық қорға қайтарылып, ортақ жайылымдық жерлерге бекітіп беру жоспарланған.

Аудан әкімі қарақұмдықтармен кездесуден соң тұрғындардың мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізіп, көпшіліктің көкейіндегі түйіткілдерді бірлесіп талқылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *