ОРДАБАСЫ: БӨРЖАРДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАСА МӘН БЕРІЛЕДІ

Осылай деп мәлімдеді аудан әкімі Азат Оралбаев Бөржар ауылдық округінің тұрғындарымен есепті кездесуде.
“Ел Президентінің бастамасымен қолға алынған «АУЫЛ АМАНАТЫ» жобасы бойынша ауыл көлемінде 15 құжат қабылданса, оның 2 жобасына 13.5 млн теңге несие берілген. Алайда құс шаруашылығымен айналысуға ниетті азаматтардың қатары аз. Негізінде құс шаруашылығы Бөржарда жетекші кәсіпке айналуы тиіс”, деді аудан әкімі өз баяндамасында.

Есепті кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген инфрақұрылым мәселесі жөнінде аудан әкімі ауылда атқарылған бірқатар жобаларды айтып өтті.
Тарқатып айтар болсақ, Ұялыжар ауылы Т.Бокин көшесіне, Ынтымақ ауылы Б.Шолақ көшесіне, Бірлік ауылы Валиев көшесіне, Қайнар ауылы Қажымұқан-2 көшесіне, Теспе ауылының ішкі көшелерін қамтыған 12 шақырымға жуық жол бөлігіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Теспе ауылының ішкі көшелерінің жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталмақ. Ал, Жамбыл ауылы Қалбырұлы көшесіндегі 2.5 шақырымға тас төсеу жұмыстары бойынша қажетті құжаттар рәсімделуде.

Аудан әкімі ауылды газдандыру бойынша да ауқымды жобалар жүзеге асқандығын, соның нәтижесінде ауылдық округке қарасты Ұялыжар, Қайнар, Ықыластемір, Ынтымақ және Теспе елді мекендері көгілдір отынмен қамтылғанын тілге тиек етті.
Ендігіде бюджеттен қаржы қаралып, Бірлік және Жамбыл (Бірлік газ жеткізуші) елді мекенінің газ жүйесінің құрылысы жүргізіліп, Қалаш елді мекенін табиғи газбен қамту үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленуде.
Аудандық “Таза су” мекемесі тарапынан Қайнар елді мекеніндегі И.Дүйсенбина (Шөлдік) көшесіне, Қайнар елді мекеніндегі Толтай көшесінің 60 үйге, Ұялыжар елді мекені Т. Кемелбеков көшесіндегі 80 үйге, Сәтбай көшесіндегі 65 үйге ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар, Теспе елді мекенінде ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жаңадан 120 м тереңдікпен су ұңғымасын қазылмақ.
Бөржардағы ауыл, елді мекендер электр энергиясымен толық қамтылған. Қазіргі таңда көше жарықтандыру жұмыстары қолға алынып, Қайнар ауылы Антеев көшесіндегі 1.3 шақырым жол жиегіне жарықтандыру құралдарын орнатуға МСА рәсімдері жүргізілуде.

Есепті кездесуде Азат Әбдіғалиұлы тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, ауылды дамытуға арналған жобаларды халықпен кеңесіп шешетіндігін жеткізді.
Әрі, ауылдастарды өз туған жерлерін жасылдандыруға, таза ұстауға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *