САЙРАМ: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛУДА

Аудан әкімі Арман Сәбитов Қарабұлақ ауыл округіне арнайы іс-сапармен барды. Сапар барысында бірінші болып М.Әуезов көшесінің бойында орналасқан малдың қаны мен сүйегін «қан төгетін» шұңқырдың құрылыс жұмыстарын тексерді.

Айта кетейік, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Қарабұлақта орналасқан мал бордақылау алаңдары мен мал сою бекеттерінің жұмыстары жаппай тексерілген болатын.

Осы орайда, аудан әкімі Арман Сәбитов 6,32 гектар аумақта орналасқан жоғарыда аталған «қан төгу» бекетінің жұмыстарын назарда ұстайтынын жеткізді. Барлық заң талаптарына сай жұмыс істеп тұрған «қан төгетін» шұңқырына алдағы уақытта өзге де мал сою бекеттері қалдықтарды тастайтын орынға айналмақ.
Қарабұлақ ауыл округінде екі мал базары бар. Бүгінде ауданда 11 мал сою орнының санитарлық талаптары мүлдем сақталмағаны анықталып, үшеуі жабылған. Қалған 8 бекеттің басшыларына мал сою алаңдарын заман талабына сай ретке келтіруге уақыт берілген болатын.

Жалпы Қарабұлақ ауыл округі облыстағы ең халық көп шоғырларған аймақтардың бірі. 50 мыңнан астам халқы бар ауылдық округте инфрақұрылым мәселесі назардан тыс қалған емес. Аудан әкімі Арман Сәбитов сапар барысында Үшағаш көшесіндегі 18 га аумақты аралады. Онда 113 үй, 565 адам тұруда. Бұл көшеде газ жүйесін жүргізу және электр жарығын қосу жоспарлануда. Сонымен қатар,  аудан әкімі Арман Сәбитов Қарабұлақ ауыл округіндегі заңсыз салынған нысандарды аралады. Сапар барысында ауыл орталығында 27 нысан заң талаптарын бұзып салынғаны анықталды. Ертелі-кеш талапқа сай келмеген нысандар бұзылады.

Мәселен, аталған ғимараттар ешқандай жобалау құжатынсыз, сәулеттік жоспарсыз және техникалық сараптамасыз салынған және «қызыл сызықта» орналасқан. Осыған орай аудан басшысы А.Сәбитов сала мамандарына меншік иелеріне хабарлама жіберуді тапсырды. Хабарлама негізінде ғимарат иелерімен ортақ келісімге келіп, заңсыз бой көтерген нысандарды ретке келтіруді тапсырды.

Аудан басшысы қажет болған жағдайда сот шешімімен заңсыз соғылған ғимараттарды сүру жұмыстары басталатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, жуырда аудан әкімі Арман Сәбитовтың бастамасымен Ақсукент ауыл округі, Ақсу ауылы, Абылайхан көшесі, «Халық банк» ғимаратының жанындағы заңсыз салынып, «қызыл сызықта» орналасқан жалпы 10 дана ғимараттың 7 бұзылған.
Алдағы уақытта ауданда құрылыс нормаларына сай емес, қызыл сызықта орналасқан нысандарды сүру жұмыстары жалғасын табатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *