САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ АРМАН СӘБИТОВ АУДАН ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудан орталығында орналасқан «Ардақты ана» музейінде аудан әкімі Арман Сәбитов «Жастар-мемлекетіміздің мәртебесі»тақырыбында аудандағы түрлі салада еңбек етіп жүрген жастармен кездесті.
Жиында Жастар ресурстық орталығы КММ-нің директоры Әділхан Төлегенов ауданда атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде есеп берді. Оның айтуынша ауданда 234 506 халық болса, оның ішінде (14—35 жас аралығы) 75 508 жастарды құрайды.

Айта кету керек биылдан бастап «Мемлекеттік жастар саясаты туралы»заңға өзгерістер енгізіліп, жастар санаты 14 жастан 35 жасқа ұлғайған болатын. Сонымен қатар, 2029 жылға дейінгі жастар саясаты туралы тұжырымдама да қабылданған. Онда жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу, заманауи құндылықтар мен патриоттық тәрбие, салауатты өмір салты, жұмыссыз жастардың санын азайту, ауыл жастарын қолдау мәселелері қарастырылған.
Алқалы жиында жастар аудан әкімі Арман Сәбитовке көкейдегі сұрақтарын қойып, жастардың дамуы жолында түрлі ұсыныстар айтты. Соның бірі-аудан орталығынан жастарға қолайлы Кітапхана ашу. Аудан әкімі А. Сәбитов бұл мәселе үстіміздегі жылы оң шешімін табатынын айтып, жастарды қуантып қойды. Сонымен қатар, жиында волонтер жастардың әлеуетін көтеру тағы да басқа мәселелер сөз болды.

Жиын соңында аудан басшысы А.Сәбитов аудандағы түрлі салада еңбек етіп жүрген жастарды аудан Алғыс хаттармен марапаттап, жастарды үнемі қолдайтынын жеткізді.

Сондай-ақ, аудан әкімі Арман Сәбитов Көлкент ауылдық округін аралады. Бұл ретте аудан басшысы Ақсуабад ауылындағы 32 га жаңақұрылыс аумағының инфрақұрылым желілерінің жұмыс барысымен танысты. Аталған аумақта 2022 жылы 181 млн. теңгеге ауыз су тартылған болатын. Алайда электр жарығы тартылмағандықтан су құбырларын іске қосу мүмкін болмай келген. Енді электр жарығы тартылған соң аудан әкімі бір аптаның көлемінде сала мамандарына ауыл тұрғындарын ауыз сумен толықтай қамтуды тапсырды.

Мұнан соң, А.Сәбитов Ақсуабад ауылындағы газ құбырларының құрылыс жұмыстарын тексерді. Айта кетейік, 2021 жылы 744 млн. теңгеге газ құбырларының құрылыс жұмыстары басталған болатын. Жыл соңына дейін газ құбырларын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сапар барысында аудан әкімі Ханқорған ауылынан жарты шақырым жерде орналасқан тарихи Ханқорған қалашығына арнайы барып, алда атқарылатын жұмыстарды пысықтады. Ханқорған – қазақ халқының біртұтастығын сақтау жолында бар өмірін сарп еткен Абылай ханның Оңтүстік өңірдегі ордасы болған. Тарихи орынды елімізге танымал археологтар бірнеше рет қазба жұмыстарын да жүргізген. Бұл орайда, аудан әкімі қалашықтың әлеуеті аспан астындағы музейге айналуына жететіндігін айтып, тиісті мамандарға тапсырмалар жүктеді.

Келесі нысан Көлкент ауыл округіндегі М.Оразалиев ауылының жаңақұрылыс аумағы болды. Аудан әкімі аталған жердің инфрақұрылым мәселерін тексерді.
Аудан басшысы ауылдарды аралау барысында атқарылған құрылыс жұмыстарын саралап, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *