ТҮРКІСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мен Түркістан қаласының прокуратурасы бірлесіп «Бизнесті қорғау» жобасы аясында кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Басқосуда кәсіпкерлік нысандарға инфрақұрылым, кәріз, су жеткізу, электр желісімен қамтамасыз ету бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.
Кездесуге Түркістан қаласының прокуроры Кәукен Бақытбайұлы, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев арнайы қатысты.

«Бүгінде облыс орталығының кәсіпкерлері, инвесторлар мен инвестициялық жоба басшыларының көкейінде жүрген мәселелері талқыланып жүр. Әрбір кәсіпкерлік субъектілердің қордаланған мәселесі әрдайым біздің назарымызда. Сондықтан алдағы уақытта мәселелерді оңтайлы шешудің жолдары қарастырылатын болады», — деді Асылан Ибадуллаев.

Шара барысында кәсіпкерлер тарапынан бәршама сұрақтар қойылып, тиісті сала мамандары жауап берді. Жиында көтерілген мәселелер бойынша жауапты мекемелермен бірлесіп шешу жолдары қарастырылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа кезектен тыс жолдаған Жолдауында бизнестің дамуына қатысты реформаларға тоқталып, жас кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріліп, жұмыссыздықпен күрес жанданатындығын айтқан болаиын. Президентіміз әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға аса көңіл бөледі. Бүгінгі таңда, облысымызда 185 мыңға жуық кәсіпкерлер болса, оның 1/3 бөлігін әйелдер қауымы құрауда. «Мен кәсіпкер» – «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында жүзеге асырылып жатыр. Жоба бірнеше саланы қамтиды. Негізгі екі бағыты бар: әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы және кәсіпке бағыт. «Мен кәсіпкер» атты біліктілікті арттыруға бағытталған бағдарламаның аясында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы жүзеге асырылады.

Спикердің сөзінше, «Бір ауыл – бір өнім» жобасы ауылдардағы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, ауыл тұрғындарын кемінде бір өнімді шығаруға үйретуді, ұйымдастыруды көздейді. Ол үшін қажетті арнайы топ мамандар біліктілік, технологиялар мен стандарттарды ауыл тұрғындарына үйретеді.Сонымен қатар, бұл бағдарлама аясында «Кәсіпке бағыт» жобасы да ұйымдастырылып жатыр. Осы ретте үздік деп танылған 40 жобаға қолдау көрсетіледі. Жобаның негізгі мақсаты – салалық оқытуды ұйымдастыру. Салалық оқу аудандар мен қалалардың дағдылануына сәйкес кәсіпкерлердің өтінімдері негізінде 5 негізгі бағытта жүзеге асырылады. Атап айтсақ, мал және егін шаруашылығын жүргізу, Ауылшаруашылық өнімді өңдеу мен өндірістік мини цехтарды жүргізу, сондай-ақ, қызмет көрсету және сервис. Оқыту теориялық және практикалық негізде жүргізіледі. Сондай-ақ, шаруашылықтар мен кәсіпорындардың базасында практикалық курстар өтеді. Оқудан өткен кәсіпкерлерге 3-6 ай аралығында арнайы кәсіби кеңесші бекітіліп, алған білімді практикалық негізде қолдануға енгізуді сүйемелдейтін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *